zhubanov

KZ        RU

Мерекелік кеш

Ахмет Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар байқауы

Концерт

                         
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру- уақытылы талап

А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ ішекті аспаптар бөлімінің меңгерушісі  Бекназаров Н.Е. 2018 жылы 10 қыркүйекте"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру- уақытылы талап" тақырыбында сұхбат берді. 

- Сіз сыбайлас жемқорлық қоғамға қандай зардап келтіреді деп ойлайсыз?

 - Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, әлемге танылдық. Елбасымыздың Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, еліміздің әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол- Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Менің ойымша сыбайлас жемқорлықтың зардаптары:

- қоғамның бақытты болашағын тежейді;

-елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді;

-жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру- уақыт талабы. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа  жол бермейік!