zhubanov

KZ        RU

Мерекелік кеш

Ахмет Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар байқауы

Концерт

                         
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

Оқушылар мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында

Мектебіміздің 4 "А" және 4 "Ә" сынып оқушылары Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында барып қайтты. 
Мәдени құндылықтарды бойларына жинақтап, рухани дамып, тарихи саналарын жетілдіру мақсатында барған мәдени орын оқушылардың бойында ерекше әсер қалдырды.

57457074 432744607487469 7603498496666107904 n

Дұрыс тамақтану – үздік білім алудың жолы

2019 жылдың 2-11 сәуір аралығындағы оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру жөнінде «Дұрыс тамақтану – үздік білім алудың жолы!» Ұлттық бағдарламасы аясында мектебімізге Алматы қаласының №3 емханасынан дәрігер келіп, мектеп оқушыларына "Үйлесімді тағамдағы ақуыздар, майлар, көмірсулардың маңызы", "Дұрыс тамақтану дегеніміз не?" тақырыптарында сынып сағатын ұйымдастырды.

Толығырақ...

"Қазақ шеберлер" өнер орталығы

Тәрбие жоспары бойынша мектебіміздің 2-3 сынып оқушылары Алматы қаласындағы "Қазақ шеберлер" өнер орталығына барып қайтты. Қазақтың өнерлі шеберлерінің қолынан жасалған ұлттық мұраларымызды көріп, тарихымен терең танысты. Ашылғанына бар болғаны 2 жылдан асқан бұл жердің келушілер саны күннен-күнге көбейіп келеді.
Ахмет Жұбановтың жақында болатын туған күніне орай мектебіміздің оқушылары дәл осы орталыққа келудегі басты мақсаты - Ахмет Жұбановтың домбырасын көру еді. Оқушылар өздері оқып жатқан мектептің атымен аталатын, қазақтың музыкасын зерттеуші, композитор Ахмет Жұбановтың домбырасының осы орталықта тұрғанына өте қуанышты. Себебі, белгілі композиторды тек қазақ халқы ғана емес, туристердің де көруіне мүмкіндік бар.

 

і музыка орталығыdd8ba038-7718-407b-b656-811e99a5d8b8

 

Ташкент қаласындағы ансамбльдер мен оркестрлердің фестивалі

Наурыз мейрамына орай Ташкент қаласында ансамбльдер мен оркестрлердің халықаралық фестивалінде мектебіміздің  "Ақжелең" фольклорлық ансамблі 2 орыны жеңіп алды. Жетекшісі - Ықылас Нұрғалиев. Сонымен қатар, Домбырашылар ансамблі де 2 орынды жеңіп алды. Жетекшісі - Максутхан Ташимов.

3a94ab0e-aee1-4a91-b8bb-0e12ae6a906c

VI Нұрғиса Тілендиев атындағы "Өз елім" музыка фестивалі

27 наурыз бен 1 сәуір аралығында Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының ұйымдастыруымен VI Нұрғиса Тілендиев атындағы "Өз елім" музыка фестиваліне мектебіміздің оқушылары қатысып, қазақтың киелі аспабы домбырамен күй шырқап, жүлделі орындарға ие болды. 

1 орын - Ерасыл Есбердинов. Ұстазы Біржан Алиев.
3 орын - Дастан Казкенов. Ұстазы Данияр Байжуманов

91528e7d-b61a-4c1d-ac25-2fe2ca205d21

 

Ішкі категориялар