zhubanov

KZ        RU

Ахмет Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар байқауы

ҰСТАЗДАР КҮНІМЕН!

Әлеуметтік желіде ұстаздарға алғыс айтуға қатысты акция басталды

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мен ұстазыма алғыс айтамын» атты челленджін бастады. Бастамаға қосылатын

Концерт

                         
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

Күзгі керуен

Қазан айының сиқырлы 23-ші жұлдызында көптен күткен, тәрбие жоспары бойынша ұйымдастырылған «Күзгі керуен» атты кеші өтті. 11 сыныптардың ұйымдастыруымен өткен бұл мейрамның жоғары дәрежеде өтуіне директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары -Батырбекова Светлана Мұратқызы, 11 сынып жетекшілері - Сабырова Сәуле Жақашқызы, Даркембаева Күлбибі Тұтқабекқызы және тәрбиешісі Бекимова Дана Телтайқызы атсалысты. 7-10 сынып оқушылары өздерінің өнерлі мектептің шәкірттері екенін тағы да дәлелдеді.

Сиқырлы кеш 3 айналымнан тұрды.

1-ші айналымда «Сәлем - сөздің анасы» - демекші, оқушылар өздерін таныстырып, жеңіске деген талпыныстарын көрсетті.

2-ші айналымда қатысушылар бимен жарысып,

3-ші айналымда балалық шақтарындағы сүйікті мультфильмдерін қазіргі заманауи стильге лайықтап көрініс қойды.

Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша:

Бас жүлдені 10 «ә» сыныбы жеңіп алса,

1 орын - 9 «ә»

2 орын - 9 «а»

3 орын - 7 «а» сыныптарына бұйырды.

Кеш соңы би кешімен жалғасты. Осылайша «Күзгі керуен» кеші өз мәресіне жетіп, оқушылар мен мұғалімдердің ойында кереметтей естеліктер қалдырды.

DSC 3779

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауы бойынша «Нұр Отан» партиясы мүшелерімен кездесу өтті

Бүгін мектебіміздің қабырғасында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауы бойынша «Нұр Отан» партиясы мүшесімен кездесу өтті. Іс-шараға Алматы қаласының Алмалы аудандық «Нұр Отан» партиясының өкілі Алабаев Шыңғыс Абайұлы қатысып, оқушылар мен мұғалімдерге жолдау туралы ақпарат беріп, мақсаты мен міндеттері туралы айтты.

Еске сала кететін болсақ, 2018 жылдың 5 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ туралы Жолдауын жолдаған болатын.

Бүгінгі кездесу барысында тарих пәнінің мұғалімі Қияқбаева Света Серікбайқызы пікір қосып, білім беру саласында көтерілген мәселелер жайлы тілге тиек етіп айта кетті. Сонымен қатар, 12 сынып оқушысы, «Жас толқын» патриоттық клубының басшысы Әбдібек Ерназар бұл жолдаудың жастар үшін маңызы жайлы және оны іске асыру жастардың қолында екенін айтып өтті. Оқушылар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, жүктелген міндеттері мен сенімдерін ұғынды.

        Қорытынды сөзді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Светлана Мұратқызы аяқтап, білім беру ісінде жолдауда айтылған мәселелер бойынша мектеп-интернаттың алдағы уақытта жұмыс жасайтынын айтты.

DSC 3739

МЕРЕЙ ТОЙ

2018 жылдың 20-шы қазан айында А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-да музыка зерттеушісі, өнертанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, доцент Пернебек Момынұлының 85 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеші болын өтті.Аталған кеште профессор Пернебек Момынұлының шәкірті, мектебіміздің түлегі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, музыкалық өнер ұжымдарының басшылары, Пернебек Момынұлының әріптестері мен туыстары қатысты.

0.111

Толығырақ...

Арыстанбек Мұхамедиұлы.

 А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-нің түлегі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Ахмет Жұбанов мұражайында өз қолтаңбасын қалдыру үстінде

 

00.2

Толығырақ...

ПЕРНЕБЕК МОМЫНҰЛЫ

       0.0

ПЕРНЕБЕК МОМЫНҰЛЫНА 85 ЖАС

         Профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, А.Байтұрсынов атындағы Орден иегері, Пердебек Момынұлының 85-ке толған және 62 жылдық еңбек, ұстаз, басқару, ғылым салаларындағы қызметіне арналған, Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы мен А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының ұйымдастыруымен мектеп-интернатта

20.10.2018 жылы сағат 15.00-де

салтанатты кеш өтеді

         Мектеп ұжымы - ұзақ жылдар бойы мектепті басқарып, өркендеуіне өшпес үлес қосқан, музыкалы-эстетикалық, педагого-психологиялық саланы зерттеп, 8-музыкалы-педагогикалық оқулық-монографиялар мен 100 ден астам кітапшалары мен мақалалары жарық көріп, бүгінгі әрі болашақ ұрпаққа рухани байлық тарту еткен мектебіміздің директор-атасын мерейтойымен шын жүректен құттықтайды.

Ішкі категориялар