zhubanov

KZ        RU

Ахмет Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар байқауы

ҰСТАЗДАР КҮНІМЕН!

Әлеуметтік желіде ұстаздарға алғыс айтуға қатысты акция басталды

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мен ұстазыма алғыс айтамын» атты челленджін бастады. Бастамаға қосылатын

Концерт

                         
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

"Шабыт" шығармашылық жастар фестивалі

2018 жылы қарашаның 5-9 жұлдыздарында елордамыз - Астана қаласында өткен ХХІ Халықаралық "Шабыт" шығармашылық жастар фестивалінде "Халық музыкасы" номинациясы бойынша Қыл қобыз аспабында өнер көрсеткен мектебіміздің 12-сынып оқушысы Қыдырмұрат Әсел ІІІ дәрежелі диплом марапатын иеленді.

IMG 1586-11-11-18-12-09

 

IMG 1588-11-11-18-12-09

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылау және насихаттау

2018 жылдың 5 қазан күні мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты тақырыбында жолдау жолдаған болатын. Бүгін сол жолдауды талқылау және насихаттау мақсатында қоғам қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, түрік этномәдени орталығының төрағасы Касимов Қазақбай Таштемирұлын мектебімізге арнайы шақырып, оқушылар мен мұғалімдерге жолдаудың негізгі мақсаттары мен міндеттерін талқылау мақсатында жиын өтті.

Жолдаманы бастамай тұрып, Қазақбай мырза елбасының қадір-қасиеті туралы, халқымыздың жарқын болашағы үшін жасап жатқан ерен еңбектерін айта кетті. «Нұрсұлтандай Президенті бар біз – арманы асқақ елміз! Біз – бәсекеге қабілетті ұлтпыз! Қазақтың кең-байтақ, дарқан даласында дәулетін жинап, ұрпағын жайған 130-дан аса ұлт пен ұлыстар болғанымен мақсатымыз бір, мүддеміз ортақ. Ол – мәңгілік Қазақ елін құру» - деп жиынды бастады.

Жолдамада білім беру саласын бағалау жүйесі Халықаралық стандартқа негізделуі тиіс. Орта мектептерде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімделуі туралы баса айтылған. Сонымен қатар, мұғалімдердің білім беруден басқа да міндеттері көп және сол артық жұмыстан арылту керек екенін айтып өтті. Оқушылар жаңа технологияларды меңгеруге, инновациялық жобалар жасауға үлкен жол ашу керек. Қазақстанды ең дамыған мемлекеттердің қатарына қосу. 2019 жылды жастар жылы деп жариялауы Қазақстан үшін маңызды қадам. Бұл қазақ жастарының өсуі мен әлемдегі бәсекелестікке сай болуы үшін жасалынған инвестиция екенін түсіндірді.

Мақсаткерлік пен отансүйгіштік, патриоттық сезімді бойларыңа дарытуға шақырамын. Сендер қашанда гуманизмге, әділеттілікке, іскерлікке ұмтылыңдар, бірақ, өзімшіл болмаңдар! Сонда табыс та сендермен бірге ілесе жүреді. Табысты болыңдар, ұрпақтарым! – деп сөзін аяқтады Қазақбай Таштемирұлы.

Сонымен қатар жиын барысында мектеп мұғалімдері Сұлтанова Нұргүл Сағынтайқызы және Аманова Айдана Насрадинқызы жолдау бойынша арнайы пікірлерін білдіріп өтті. Қорытынды сөзді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Светлана Мұратқызы аяқтап, Қазақбай мырзаға мектебіміздің атынан алғыс білдірді.

DSC 3878

DSC 3885

 

 

 

Жалпыхалықтық диктант өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 14 қараша мектебімізде латын графикасы негізінде «ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ» өтті.

18c7afc1-8f76-4225-9b29-e275874b29cf

cd33a248-8fba-4a85-a258-0a9a7bd89949

Абонементтік концерт

Қараша айының 12-ші жұлдызында «Камерата Казахстана» оркестрімен бірге мектебіміздің оқушыларының абонементтік концерті өтті.

untitled

 

Волейболдан қайырымдылық турнир

Алматы Қайырымды жандар еріктілер тобының ұйымдастыруымен өткен Баев Мадиастың еміне арналған волейболдан ұлдар арасында қайырымдылық турнирінде мектебіміз 1-ші орынмен марапатталды.

WhatsApp Image 2018-11-12 at 15.50.22

Ішкі категориялар