zhubanov

KZ        RU

Ахмет Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар байқауы

ҰСТАЗДАР КҮНІМЕН!

Әлеуметтік желіде ұстаздарға алғыс айтуға қатысты акция басталды

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мен ұстазыма алғыс айтамын» атты челленджін бастады. Бастамаға қосылатын

Концерт

                         
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

Желтоқсан 2017

07 Желтоқсан 2017

БАЙМАХАНОВ АҚЫЛБЕК БАҚЫТБЕКҰЛЫ

0023БАЙМАХАНОВ АҚЫЛБЕК БАҚЫТБЕКҰЛЫ – Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары бойынша бірінші деңгейлі бағдарламасын меңгерген жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

2009 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің филология факультетін үздік дипломмен тәмамдаған. Университет қабырғасында жүргенде «Президенттік степендия» иегері атанған.

Еңбек жолын 2007 жылы А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған ҚОМММИ-да бастап, 2009-2013 жылдары концерт және конкурс ісінің менеджері, 2013-2016 жылдары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.

Читать далее

Жакишева Гүлбараш Абжапбаровна

0021Жакишева Гүлбараш Абжапбаровна  

Туған күні мен жылы: 25.05.66 ж;         Ұлты: қазақ;

 Біліктілігін көтеру туралы мәлімет:

   Наградалары, атағы, ғылыми атағы және дәрежесі;

  1. Сертификат. ІІІ –ей Международной научно-практической конференции   РФ.Москва МГПУ 2012 г
  2. Алғыс хат. А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ. 2013ж.
  3. Сертификат. «Республикалық  бастауыш сынып мұғалімдеріне қашықтық онлайн олимпиадасы»  «Үздік нәтиже»  2013-14 ж. «Дарын»
  4. Алғыс хат.  «Нұрлы жастар»  Қалалық  «Фариза- поэзия падишасы». 2013ж.
  5. Алғыс хат. А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ. 2014ж.
  6. Сертификат.  «Бастау республикалық математикалық турнирі» 2014 ж.
  7. Сертификат. «Республикалық  бастауыш сынып мұғалімдеріне қашықтық онлайн олимпиадасы»  «Үздік нәтиже»  2014-15 ж. Читать далее

Трукпенова Анар

          Трукпенова Анар Абай атындағы ҚазҰПУ-ды 2006 жылы бітірген.    2013 жылы “Сенің Дауысың” атты ән байқауына жоғары дәрежеде шәкірт дайындағаны үшін,2013 жылы әскери қызметшілердің  жауынгерлік  қызметтегі  үздік көрсеткіштері бойынша марапаттау кешіне белсенді  атсалысқаны үшін, 2014 жылы А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған мектеп-интернатының 50 жылдық мерей тойына байланысты мектептің дамуы мен гүлденіп өсіп-өркендеуіне қосқан  зор үлесі үшін,2014 жылы мектебіміздің 50 жылыдқ мерейтойына орай бастауыш сынып арасында “Біз болашақ ұлабыз” атты ұлдар сайысына өз үлесін қосып, белсене қатысқаны үшін,

Читать далее

06 Желтоқсан 2017

Сеитов Кайрат Макашевич

Сеитов Кайрат Макашевич жоғары білімді, жоғары санатты, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

Ол  1965 жылы дүниеге келген. 1989 жылы ҚазИФК-ін бітірген.

Дене тәрбиесі пәні мұғалімі оқушыларын көптеген жарыстарға дайындап, қатыстырып отырады. Осындай еңбектерінің арқасында қалалық білім басқармасынан, Алмалы аудандық білім басқармасынан, Алмалы ауданы әкімдігінен, Спорт және Туризм Ұлттық ойындары басқармасынан және мектеп әкімшілігінен бірнеше мақтау қағаздарымен марапатталған. Читать далее

Тойболдиева Шолпан Жұмашқызы

017Тойболдиева Шолпан Жұмашқызы 03.01.1982 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді, ІІ санатты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі 13 жыл.

2002 жылы Алматы педагогикалық колледжін, 2012 жылы Қазақтың Спорт және Туризм академиясын бітірген.

Еңбек жолын Павлодар қаласында №18 орта мектепте бастаған. 2003-2015 жылдар аралығында Алматы қалалық №62 мектеп гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып істеген. 2015-2016 оқу жылынан бастап А.Жұбанов атындағы РҚМММИ-ның дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

Читать далее

Сабыра Сәуле Жақанқызы

             016   Сабыра Сәуле Жақанқызы 1973 жылы туылған. Жоғары білімді, І санатты математика пәнінің мұғалімі.  Еңбек өтілі 21 жыл.

1995 жылы Абай атындағы АлМУ-нің физика-математика факультетінің математика және информатика мамандығы бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы осы мекемеден бастаған. Сол кезден бастап математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады.

Тәжірибелі ұстаз «Сатылай кешенді талдау»,  «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» технологияларын меңгерген. Бірнеше мақалалары БАҚ – да жарияланған. Читать далее

Қазақбаева Ақлима Дотаевна

            015    Қазақбаева Ақлима Дотаевна бірінші санатты, жоғары білімді, биология пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі 13 жыл.

                1995 жылы Шымкент энергетикалық колледжін, 2004 жылы ҚазМҰУ –нің химия факультетін , 2006 ҚазМҰУ Магистратурасын, 2014 жылы Шымкент педагогикалық Университетінің биология факультетін бітірген. 

                 

Читать далее

Калимов Нурлан Дюсенгалиевич

Калимов Нурлан Дюсенгалиевич жоғары білімді, аға сержант, АӘД пәнінің мұғалімі.

1994 жылы Жоғары Командалық Шекарашылар училищесін бітірген.

1998-2002 жылдары ҚР қарулы Күштер Қызметінде еңбек жолын бастады. 2002 жылдан бастап мұғалімдік жұмысқа ауысты. 2004-2006 жылдары Павлодар Педагогикалық Институтында, 2006-2009 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ – де, 2006-2009 жылдары ҚазҰПУ – інің колледжінде, 2015-2016 жылдары Алматы экономикалық колледжінде АӘД пәнінің мұғалім болып жұмыс істеген. Читать далее

Жартаева Гульзира Жиеналиевна

014Жартаева Гульзира Жиеналиевна жоғары дәрежелі жоғары санатты, информатика пәнінің мұғалімі.

2000 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ  Мемлекеттік Ұлттық Университетін, 2006 жылы «Тараз» инстититутын аяқтаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданы №6 «Кеңес»  орта мектебінің математика және информатика пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2014-2015 оқу жылынан бастап  А. Жұбанов атындағы РҚМММИ-ның информатика пәнінің мұғалімі болып қабылданды.

Читать далее

Жагслаг Гулмарал

        013  Жагслаг Гулмарал-жоғары білімді,  Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында   үшінші (базалық) деңгей бағдарламасын  меңгерген, жоғары деңгейлі бірінші санатты математика пәнінің мұғалімі.  Еңбек өтілі 20 жыл.

1996 жылы Абай атындағы  Алматы Мемлекеттік Университетінің физика-математика факультетін математика және информатика пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша тамамдаған.            

  1996-1999 жыдары Алматы қаласындағы №4 мектеп-интернатында математика пәнінің мұғалімі қызметін атқарған.

1999-2002 жылдары Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінде аспирантурада оқыған.

2000-2008 жылдары Абылайхан атындағы    Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінің  дайындық бөлімінде  математика пәнінің оқытушысы қызметін атқарған.

2008-жылдан бастап осы мекемеде математика пәнінің мұғалімі қызметін атқарады.  2000 жылдан бері  Жаратылыстану пәндер Әдістемелік бірлестігінің жетекшісі.

 Өрлеу деңгейлік курстың үшінші деңгейлі үш айлық курстан өтіп сертификатталған, «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» технологияларын меңгерген, Қазақстан Республикасы Білім Басқармасы Алматы қаласының «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми- әдістемелік орталығы» жанындағы Оқу процесінде интерактивті тақтаны қолдану курсын тамамдаған.

Оқушылары пәндік олимпиадаларға, интеллектуалды ойындарға қатысып марапатталған. 

Ұстаздың мақалалары  Республикалық ғылыми-әдістемелік басылым беттерінде және интернет сайттарында жарияланып келеді.

          Осы еңбек еткен жылдарында бірнеше рет мектепішілік мадақтамалармен марапатталған:А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай  «Құрмет грамотасы» (2012ж.),  А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ  «Грамота» (2014, 2015ж.),  А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ «Диплом» (2014ж.),  А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ «Алғыс хат»(2011, 2013, 2014 ж.)

Читать далее