zhubanov

KZ        RU

Мерекелік кеш

Ахмет Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар байқауы

Концерт

                         
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

Қаңтар 2018

31 Қаңтар 2018

12 Қаңтар 2018

А.Жұбанов мектебіне – жарты ғасыр

Начало форм

Ахмет Жұбанов еліміздің түкпір-түкпірін аралап жүіп, қарапайым қазақ отбасыларында өсіп келе жатқан өнерге құштар, бірақ үйренуге мүмкіндігі жоқ жас таланттарды жиі кездестіреді. Дәл сол сәттері талабы таудай ауыл балаларын кәсіби тұрғыда оқытатын музыкалық мектеп ашу туралы алғашқы ой келді. Дала дарындары арқылы қазақ өнерін әлемге танытуды іштей көкседі. Елдегі жас таланттардың музыкалық әлеуетін дұрыс пайдалану қажеттігі туындады. Көздеген мақсатын жүзеге асыру үшін, күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмеді. Табандылығының нәтижесінде Алматы қаласында Республикалық қазақ музыкалық мектеп-интернатын ашу туралы Министрлер кеңесінің 18.07.1964 жылғы № 495бұйрығының шығуынамұрындық болды.

А.Жұбанов Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының ректорлық қызметінде де мектеп ашу туралы ойының дұрыстығына көз жеткізді. Ұлттық кадр тапшылығы күн өткен сайын сезіліп, халық өнерін жаңаша дамытатын жас буын тәрбиелеу қажеттігін жақсы түсінді. Ақыры алпысыншы жылдардың басында көптен күткен дарынды балаларға арналған республикалық қазақ музыкалық мектеп-интернатының алғашқы қазығы қағылды. Сол уақыттағы мектеп басшысы мен мұғалімдер иығына үлкен жүк түсті. Оқу, тәрбие ісімен қатар, аз уақыттың ішінде шалғай өңірлерден келген кішкентай ұл-қыздарды бұрын-соңды көрмек түгілі, атын естімеген аспаптарда ойнап-үйрету, шығармашылық қабілетін ашып,қызығушылығы мен сүйіспеншілігін ояту міндеті жүктелді.

1964 жылы маусым айында директорлық қызметке тағайындалған Түркістан Мақсұтұлы Өзбеков талантты ұйымдастырушы ретінде А.Жұбанов құрған жоспарларды асқан жауапкершілікпен жүзеге асыруға кірісті. Басшылыққа бекітілген бірінші күннен оқу-тәрбие жұмысын жолға қоюға толық өкілеттілік алды. Мектеп орынын өзі таңдап, күндіз-түні құрылыс жұмыстарының басы-қасында жүрді. Кәсіби музыканттармен бірге жалпы білім беретін білікті мамандарды оқу жүйесіне тартты. Арнайы топ республиканың қуыс-қуысын аралап, талантты балаларды іздеуге аттанды. Келелі кеңестер мен бірлескен жиындардың күн тәртібінде материалдық-техникалық базаны күшейту, музыкалық аспаптар мен құрал-жабдықтар сатып алу мәселесі жиі қаралды. Еткен еңбек, көрген бейнет далаға кеткен жоқ, көп ұзамай өз жемісін бере бастады. 1968 жылы Т.М.Өзбековтың бастамасымен білім ошағына А.Жұбанов есімі берілді.

Читать далее