zhubanov

KZ        RU

ҰСТАЗДАР КҮНІМЕН!

Әлеуметтік желіде ұстаздарға алғыс айтуға қатысты акция басталды

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мен ұстазыма алғыс айтамын» атты челленджін бастады. Бастамаға қосылатын

Концерт

                         

Компания "SAM" наградила молодого композитора Нурали Бейсекожу специальным призом

Самый молодой композитор страны, студент 7-го класса нашей школы Нурали Биссезожа, написал работу «Аккан жул
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

Қазан 2018

11 Қазан 2018

Бүгін оқушылардың абонементтік концерті өтеді

Бүгін, 11 қазан күні сағат 17.00-де А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ оқушыларының Құрманғазы атындағы Академиялық халық аспаптар оркестрімен абонементтік концерті өтеді.

Дирижерлар - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанас Бекентуров, ҚР мәдениет қайраткері Жексен Айсын. 
Концертке қатысатындар:

Смағұл Саят - ұстазы Б. Бимырзаев
Нурадилова Асемай - ұстазы Т. Карибаев
Али Мухаммед - ұстазы Ғ. Нарымбетов
Тажиев Азамат - ұстазы Ғ. Нарымбетов
Ауесхан Алина - ұстазы Л. Шуженова
Батырхан Алина - ұстазы Г. Булаева
Амангелді Баян - ұстазы М.Манасбаева
Жанат Алиби – ұстазы Т. Орынтаев
Пазылбеков Өтесін – ұстазы М.Ташимов
Бейсеқожаев Ғаламат – ұстазы Е. Мұстафаев
Қанатбек Алмат – ұстазы А.Сарсенгалиева
Өткелбай Аружан – ұстазы А. Сарсенгалиева
Касенова Назерке – ұстазы А. Сабденалиева
Баржақсиева А – ұстазы А. Нартаев
Казкенов Дастан – ұстазы Д. Байжуманов
Қыдырмұрат Асель – ұстазы С.Ақмолда

КЕЛЕМ ДЕУШІЛЕРГЕ ЕСІК АШЫҚ!

Читать далее

Оқушыларға өз құқықтары туралы түсіндірілді

10 қазанда мектебіміздің 7-11 сынып оқушылары Алмалы ауданының ювениалдық полициясының аға инспекторы, полиция капитаны Дайырбекова Айжан Ержігітқызымен кездесті. Шара барысында оқушыларға жасөспірімдердің құқығы туралы кеңірек түсіндірілді. Сондай-ақ, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қоғамдық орындарда өздерін қалай ұстау керек, мәдени орындарда өзін-өзі ұстау этикасы мен нормалары, олардың мемлекет алдындағы міндеттері туралы айтылды. Өз кезегінде оқушылар да көкейдегі сұрақтарына жауап алды.

 

Читать далее

10 Қазан 2018

Оқушылар Алматыдағы музейлерді аралады

Жылдағы дәстүр бойынша мектебіміздің оқушылары қаламыздағы мұражайларды аралады. Олар Алматы қалалық Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, ғұлама ғалым Әл-Фараби мұражайы және жазушы Сәбит Мұқановтың әдеби-мемориалдық мұражайына барып, тың дүниелермен танысты.

Читать далее

09 Қазан 2018

Компания "SAM" наградила молодого композитора Нурали Бейсекожу специальным призом

Самый молодой композитор страны, студент 7-го класса нашей школы Нурали Биссезожа, написал работу «Аккан жулдыз» для Дениса Тен, спортсмена, который прошел раньше. Сегодня SAM наградил молодого композитора нашей страны специальным призом.
Отметим, что Нурали Бейзезожав учился в Школе одаренных детей имени А.Жубанова со степенью на скрипке и фортепиано. Он является победителем MusicStar и других национальных конкурсов. «Денис Тен - известный спортсмен не только в Казахстане, но и за рубежом. Поэтому, когда я услышал об похоронах, я решил посвятить ему одну из своих работ », - говорит 12-летний композитор.

Читать далее

"SAM" компаниясы жас композитор Нұрәлі Бейсеқожаны арнайы сыйлықпен марапаттады

Еліміздің ең жас композиторы, мектебіміздің 7-сынып оқушысы Нұрәлі Бейсеқожа арамыздан ерте кеткен спортшы Денис Тенге арнап “Аққан жұлдыз” атты шығарма жазған болатын. Бүгін "SAM" компаниясы еліміздегі жас композиторды ар-найы сыйлықпен марапаттады.
Айта кетейік, Нұрәлі Бейсеқожаев А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектепте “скрипка және пианино” мамандығы бойынша оқиды. Ол – MusicStar конкурсының, басқа да республикалық байқаулардың жүлдегері. 
“Денис Тен – Қазақстанға ғана емес, шетелге де танымал спортшы. Сондықтан қаза туралы естігенде шығармаларымның бірін оған арнауды ұйғардым”, – дейді 12 жастағы композитор.

Читать далее

Мектеп ұжымы биылғы Жолдауға қолдау білдірді

0120

 

 

Биылғы Елбасы Н.Ә,Назарбаевтың «Басты басымдық - қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру»Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. Атап айтар болсақ, «Мектепке дейінгі білім беру жүйесін қайта қарастыру керек. Әсіресе, біліктілік талаптары, оқыту жүйесі, тәрбиешілер мен басқа қызметкерлердің жалақы жүйесі қайта қаралсын» деген талабыңыз өте орынды. Осы орайда ел болашағын тәрбиелер ұстаздарға жауапкершілікті күшейте отырып, еңбектерін еселеуге күш салып отырсыз. Сондай-ақ, реформа туралы айтылған пунктте де білім реформасына баса көңіл аударып отырғаныңыз байқалады. Білім беру реформасы тұрақталса, елімізде де сапалы мамандар көбейетіні анық.

Жолдауда басты назарға алған тағы бір мәселенің бірі – 2019 жылы «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заңды қабылдау. Мәселен, мұғалімдерді жүктемеден қысқартып, қызметтен тыс тексерістер және қоғамдық жұмыстардан босату, мұғалімдердің мәртебесін көтеру мақсатында ұсынылып отырған бұл заңды мектеп ұжымы қуана қолдады. «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң еліміздегі біраз мұғалімдердің беделін арттырып, қоғамда өз орнын биік мақсатта қалыптастыратынына сенеміз.

Мектеп ұжымы Жолдауды қуанышты қарсы алып, ондағы мұғалімдерге қатысты бағыт-бағдарларды, тапсырмаларды зор ынта-ықыласпен тыңдады және бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді.

 

Читать далее

Мектеп ұстаздары арнайы курстан өтті

 

 

"Назарбаев зияткерлік мектептері" ДББҰ Алматы қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығының филиалы білім мазмұнын жаңарту шеңберінде критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша білім беру бағдарламалары бойынша 29 ұстазды арнайы оқыту курсынан өткізді. Нәтижесінде, жалпы білім беретін пән мұғалімдеріне сертификат пен куәліктер табыс етілді.

Читать далее

04 Қазан 2018

А.Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар конкурсы

А.Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар

конкурсы

(«Халық аспаптар» номинациясы)

І Жалпы ережесі

А.Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар Конкурсы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2018 жылдың 28 қазан -04 қарашасында А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының базасында өткізіледі.

Мекен-жайы:            050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 66/5

                                   Тел/факс: 8 (727) 375 55 42, 8 (727) 375 55 39

                                  e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

  • Балалар мен жастардың шығармашылық тұрғыда жетілуіне жағдай жасау;
  • Өнерлі, дарынды жас орындаушыларды анықтау;
  • Балалар мен жастарды дәстүрге, мәдениетке және ұлттық шығармашылыққа тарту;
  • Олардың бойында музыкалық-эстетикалық тәрбиені жетілдіру, орындау шеберлігін арттыру.

ІІ Байқауды өткізу шарты және тәртібі

  • Байқауға арнайы мамандандырылған музыка мектептерінің оқушылары қатысады;
  • Байқау төмендегі номинация бойынша өтеді, және аспапта ойнау ерекшелігіне қарай түрлі топқа жіктеледі. Олар:

1)  Шертпелі-төкпелі аспаптар (домбыра, дутар, қомыз)

2)  Ыспалы-ысқышты аспаптар(қыл қобыз, қыл қыяқ, гиджак, прима-қобыз, прима-қыяқ)

3) Ыспалы-шекпелі (домбыра-прима, шертер, рубаб, тар, уд) және клавишті-пневматикалық аспаптар (сырнай,баян, аккордеон).

Қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарай топқа бөлінуі:

            Кіші топ – 9-12 жас

Орта топ – 13-15 жас

Үлкен топ – 16-19

«Шертер» номинациясы бойынша:

Орта топ – 13-15 жас

Үлкен топ – 16-19 жас

  • Бір оқу орнынан әр топ бойынша және әр номинация бойынша екі қатысушы ғана жіберіледі;
  • байқаудың барлық кезеңдері жариялы түрде өтеді;
  • барлық шығармалар жатқа орындалуы тиіс;
  • байқауға қатысушы өтінімде көрсетілген бағдарламаны өзгерте алмайды;
  • байқауға қатысушылардың өнер көрсету тәртібі алдын-ала жеребе арқылы анықталады және осы тәртіп байқаудың соңына дейін сақталады;
  • қатысушыларға дайындық кабинеттері беріледі.

Қазылар алқасы

  • қазылар алқасының құрамы Қазақстан Республикасы және шет мемлекеттерінің танымал белгілі өнер қайраткерлерінен тұрады;
  • қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды;
  • қазылар алқасы сыйлықтарды өз қарауы бойынша бөлуге құқылы, бас жүлде бөлінбейді.

ІІІ Өтініштерді тапсыру шарттары

Жас орындаушылар байқауына қатысу үшін келесі тізімдегі құжаттарды жіберулері керек:

  • берілген үлгідегі өтініш (электрондық түрде MS Word бағдарламасымен терілген);
  • жеке басын куәландыратын құжаттың анық түрдегі көшірмесі (туу туралы куәлік немесе жеке куәлік/төлқұжат, электрондық түрде);
  • 10х12 см пішіндегі 2 фотосурет (электрондық түрде);
  • шығармашылық өмірбаян (мекеменің мөрімен бекітілген, электрондық түрде);
  • оқу орнынан анықтама (электронық түрде);
  • байқау бағдарламасы (электрондық түрде міндетті, уақыты анық көрсетілуі керек);

А.Жұбанов атындағы мектептің интернатында тұратын байқау қатысушылары мен жетекшілерде денсаулығы жөнінде (эпидокружение) медициналық анықтама болу керек.

Жетекшілерге ұйымдастыру алқасына іс-сапар туралы бұйрықтың көшірмесін тапсыру керек.

Құжаттар түгел болмаған жағдайда, өтініштер қабылданбайды.

Өтініштер 2018 жылдың 25 қыркүйегіне дейін (электрондық мекен-жай) қабылданады: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

                                              

            тел. 8 (727) 391 06 10, 8 707 803 18 44 Иемкулова Жазгуль Турдакынбайевна           

Факс:   375 55 42

IV Қаржыландыру

  1. Әрбір талапкер байқауға қатысу үшін алдын-ала төлем төлейді.
  1. Алдын-ала төлем байқауға тіркеу күні төленеді.
  2. Алдын-ала төлем қайтарылмайды.
  3. Байқауға қатысушының, олардың ұстаздары мен концертмейстерлерінің жол шығынын, жатын орны мен тамақтануын байқауға қатысушы талапкер немесе жіберуші мекеме төлейді.
  4. Байқау жеңімпаздары әрбір номинация бойынша дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
  5. Ұйымдастыру комитеті байқауға қатысушылардың қалауы бойынша мектеп интернатынан тамақ және жатын орынмен қамтамасыз етеді. (Өтінім толтырылғанда қажеттілігін көрсетілуі тиіс)

Справки по телефону:

8-701-368-31-37 Светлана Муратовна (келу, кету)

8-707-837-73-07 Карибаев Т.Ж. (Халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі)

8-702-361-12-16 Казыбекова Г.К. (Арнайы фортепиано бөлімінің меңгерушісі)

8-707-564-41-90 Гульмира Жумадиловна (ұйымдастыру сұрақтар бойынша)

8-707-803-18-44 Жазгуль Иемкулова (ұйымдастыру сұрақтар бойынша)

Читать далее

А.Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар конкурсы

І Жалпы ережесі

(«Халық аспаптар» номинациясы)

А.Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар Конкурсы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2018 жылдың 28 қазан -04 қарашасында А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының базасында өткізіледі.

Мекен-жайы:            050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 66/5

                                   Тел/факс: 8 (727) 375 55 42, 8 (727) 375 55 39

                                  e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Читать далее

03 Қазан 2018

Әлеуметтік желіде ұстаздарға алғыс айтуға қатысты акция басталды

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мен ұстазыма алғыс айтамын» атты челленджін бастады.

Бастамаға қосылатындар әлеуметтік желі пайдаланушылары ұстаздарына алғыс айтуы керек. «Акцияға қатысу үшін желі қолданушылары мұғалімдеріне арнаған құттықтауларын фото немесе видеоға түсіріп, Instagram, Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріне #ұстаздаркүні #поздравьсвоегоучителя #деньучителя хэштегтерімен бірге жүктейді. Акция ұстаздар күніне орай ұйымдастырылып отыр және 6 қазанға дейін жалғасады. Басты мақсат - ұстаздарға кәсіби мереке қарсаңында құрмет көрсету», - делінген БҒМ-ның Фейсбуктегі парақшасында. Министрлік челленджге қатысып, эстафетаны достарарасында таратуға шақырады.

Читать далее