zhubanov

KZ        RU

ҰСТАЗДАР КҮНІМЕН!

Әлеуметтік желіде ұстаздарға алғыс айтуға қатысты акция басталды

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мен ұстазыма алғыс айтамын» атты челленджін бастады. Бастамаға қосылатын

Концерт

                         

Компания "SAM" наградила молодого композитора Нурали Бейсекожу специальным призом

Самый молодой композитор страны, студент 7-го класса нашей школы Нурали Биссезожа, написал работу «Аккан жул
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

02 Қазан 2018

Astana Media Week медиа апталығы өтті

Аstana Media Week медиаапталығы контент-маркет шарасымен ашылды. Айтулы көрмеге 15 телевизиялық компания, 50-ден астам продакшн-студия және медиа индустрия өкілдері қатысты.

Astana Media Week-2018 медиаапталығының ашылу салтанатында сөз алған Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қазіргі Қазақстан қоғамындағы медианың маңыздылығына ерекше тоқталып өтті.

«Сіздердің идеяларыңыз күн сайын ақпараттық ландшафты өзгертіп қана қоймай, сонымен қатар саясаттан бастап қаржыға дейінгі, ауыл шаруашылығынан бастап спортқа дейінгі  түрлі салалардағы үдерістерге күш беруде. Осының нәтижесінде өзекті мәселелерді кеңінен талқылау, нақты шешімдерді әзірлеу және әрі қарай жұмыс істеу механизмдері айтарлықтай артып келеді. Дәл осы мақсатты көздеген Astana Media Week апталығы өз алаңында журналистер мен мемлекеттік органдары  өкілдерінің ғана емес, сондай-ақ  PR-қоғамдастығы мен шетелдік мамандардың да басын қосып отыр », — деді Д.Абаев.

Биылғы форумның басты тақырыбы - “Іскер ортаның мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері”. Онда digital-мамандар, бренд-менеджерлер, онлайн кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері және мемлекеттік орган қызметкерлері сандық медиа дәуірінің жаңалықтарымен бөлісіп, келелі мәселелер талқыланды. Astana Digital Forum қатысушылары күні бойы 20 спикердің жеке тәжірибелерімен танысып, интернет-маркетинг саласындағы тың кейстермен танысты. Бір-бірімен араласып, digital ілгерілету құралдарын көрді.

 

Читать далее