zhubanov

KZ        RU

ҰСТАЗДАР КҮНІМЕН!

Әлеуметтік желіде ұстаздарға алғыс айтуға қатысты акция басталды

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мен ұстазыма алғыс айтамын» атты челленджін бастады. Бастамаға қосылатын

Концерт

                         

Компания "SAM" наградила молодого композитора Нурали Бейсекожу специальным призом

Самый молодой композитор страны, студент 7-го класса нашей школы Нурали Биссезожа, написал работу «Аккан жул
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

03 Қазан 2018

Әлеуметтік желіде ұстаздарға алғыс айтуға қатысты акция басталды

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мен ұстазыма алғыс айтамын» атты челленджін бастады.

Бастамаға қосылатындар әлеуметтік желі пайдаланушылары ұстаздарына алғыс айтуы керек. «Акцияға қатысу үшін желі қолданушылары мұғалімдеріне арнаған құттықтауларын фото немесе видеоға түсіріп, Instagram, Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріне #ұстаздаркүні #поздравьсвоегоучителя #деньучителя хэштегтерімен бірге жүктейді. Акция ұстаздар күніне орай ұйымдастырылып отыр және 6 қазанға дейін жалғасады. Басты мақсат - ұстаздарға кәсіби мереке қарсаңында құрмет көрсету», - делінген БҒМ-ның Фейсбуктегі парақшасында. Министрлік челленджге қатысып, эстафетаны достарарасында таратуға шақырады.

Читать далее

Айшолпанды халықаралық жарыстарда қаржылай қолдауға дайынбыз - министр

24 қыркүйек күні ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Моңғолияда тұратын бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызымен кездесті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білесіздер, Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы осыдан бір жыл бұрын жария етілгенде барша Қазақстан халқы қуанған болатын. Өйткені, осы уақытқа дейін сақталған ата-дәстүрімізді, қасиеттерімізді насихаттауға, қазіргі жеткен жетістіктерімізді дүниежүзіне паш етуге мүмкіндік берді. Осы ретте көнеден келе жатқан саятшылық өнерімізді бүкіл әлемге танытып, барлығын таң қалдырып жүрген Айшолпанға алғысымызды білдіреміз», - деді министр.

Читать далее

"Құрманғазы және ұлы дала сазы" фестивалі ашылды

Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған «Құрманғазы және Ұлы дала сазы» Халықаралық фестивалі ашылды.

Мәдениет және спорт министрлігі Құрманғазы оркестрінің ұйымдастыруымен «Құрманғазы және Ұлы дала сазы» Халықаралық фестивалі басталды. Фестиваль күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойына арналған. 

 

Фестиваль мақсаты – қазақ халқының өнері мен мәдениетін халықаралық дәрежеде жан-жақты насихаттау, жақын және алыс шет елдердің жетекші орындаушылары арасында шығармашылық ынтымақтастықтың жаңа үлгілерін дамыту. Есімі ұлттың төлқұжатына айналған дара тұлғалардың бірегейі – Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығын насихаттау. 

Алыс-жақын шет елден, республика көлемінен келген дәстүрлі орындаушылар, еліміздің «академиялық» оркестрлері қатысқан фестиваль үш күнге созылады.

Читать далее