zhubanov

KZ        RU

Ахмет Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар байқауы

ҰСТАЗДАР КҮНІМЕН!

Әлеуметтік желіде ұстаздарға алғыс айтуға қатысты акция басталды

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мен ұстазыма алғыс айтамын» атты челленджін бастады. Бастамаға қосылатын

Концерт

                         
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

09 Қазан 2018

"SAM" компаниясы жас композитор Нұрәлі Бейсеқожаны арнайы сыйлықпен марапаттады

Еліміздің ең жас композиторы, мектебіміздің 7-сынып оқушысы Нұрәлі Бейсеқожа арамыздан ерте кеткен спортшы Денис Тенге арнап “Аққан жұлдыз” атты шығарма жазған болатын. Бүгін "SAM" компаниясы еліміздегі жас композиторды ар-найы сыйлықпен марапаттады.
Айта кетейік, Нұрәлі Бейсеқожаев А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектепте “скрипка және пианино” мамандығы бойынша оқиды. Ол – MusicStar конкурсының, басқа да республикалық байқаулардың жүлдегері. 
“Денис Тен – Қазақстанға ғана емес, шетелге де танымал спортшы. Сондықтан қаза туралы естігенде шығармаларымның бірін оған арнауды ұйғардым”, – дейді 12 жастағы композитор.

Читать далее

Мектеп ұжымы биылғы Жолдауға қолдау білдірді

0120

 

 

Биылғы Елбасы Н.Ә,Назарбаевтың «Басты басымдық - қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру»Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. Атап айтар болсақ, «Мектепке дейінгі білім беру жүйесін қайта қарастыру керек. Әсіресе, біліктілік талаптары, оқыту жүйесі, тәрбиешілер мен басқа қызметкерлердің жалақы жүйесі қайта қаралсын» деген талабыңыз өте орынды. Осы орайда ел болашағын тәрбиелер ұстаздарға жауапкершілікті күшейте отырып, еңбектерін еселеуге күш салып отырсыз. Сондай-ақ, реформа туралы айтылған пунктте де білім реформасына баса көңіл аударып отырғаныңыз байқалады. Білім беру реформасы тұрақталса, елімізде де сапалы мамандар көбейетіні анық.

Жолдауда басты назарға алған тағы бір мәселенің бірі – 2019 жылы «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заңды қабылдау. Мәселен, мұғалімдерді жүктемеден қысқартып, қызметтен тыс тексерістер және қоғамдық жұмыстардан босату, мұғалімдердің мәртебесін көтеру мақсатында ұсынылып отырған бұл заңды мектеп ұжымы қуана қолдады. «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң еліміздегі біраз мұғалімдердің беделін арттырып, қоғамда өз орнын биік мақсатта қалыптастыратынына сенеміз.

Мектеп ұжымы Жолдауды қуанышты қарсы алып, ондағы мұғалімдерге қатысты бағыт-бағдарларды, тапсырмаларды зор ынта-ықыласпен тыңдады және бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді.

 

Читать далее

Мектеп ұстаздары арнайы курстан өтті

 

 

"Назарбаев зияткерлік мектептері" ДББҰ Алматы қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығының филиалы білім мазмұнын жаңарту шеңберінде критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша білім беру бағдарламалары бойынша 29 ұстазды арнайы оқыту курсынан өткізді. Нәтижесінде, жалпы білім беретін пән мұғалімдеріне сертификат пен куәліктер табыс етілді.

Читать далее