zhubanov

KZ        RU

Ахмет Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар байқауы

ҰСТАЗДАР КҮНІМЕН!

Әлеуметтік желіде ұстаздарға алғыс айтуға қатысты акция басталды

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мен ұстазыма алғыс айтамын» атты челленджін бастады. Бастамаға қосылатын

Концерт

                         
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

Қараша 2018

30 Қараша 2018

"Жапырақтың құрылысы мен қызметі" атты ашық сабақ

29 қараша күні Казакбаева Аклима Дотаевна 7"ә" сыныбымен биология пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: "Жапырақтың құрылысы мен қызметі."Сабақ жоғары деңгейде өтті және қорытынды талдау жасалды.

Читать далее

29 Қараша 2018

«Ұлтына қамқор Елбасы» атты ашық сабақ

28 қараша күні Тоғжан Тілепалдықызының ұйымдастыруымен «Ұлтына қамқор Елбасы» атты ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты жас ұрпаққа елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы талант иесі, ерекше тұлға екенін таныстыру, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып жүрген Елбасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру болды.

Читать далее

26 Қараша 2018

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру- уақытылы талап

А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ ішекті аспаптар бөлімінің меңгерушісі  Бекназаров Н.Е. 2018 жылы 10 қыркүйекте"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру- уақытылы талап" тақырыбында сұхбат берді. 

- Сіз сыбайлас жемқорлық қоғамға қандай зардап келтіреді деп ойлайсыз?

 - Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, әлемге танылдық. Елбасымыздың Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, еліміздің әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол- Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Менің ойымша сыбайлас жемқорлықтың зардаптары:

- қоғамның бақытты болашағын тежейді;

-елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді;

-жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру- уақыт талабы. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа  жол бермейік! 

Читать далее

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылау

2018 жылы 21 қараша күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрді. «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы рухани жаңғыруымызды жалғастыратын, тарихи құндылықтарымызды сақтап, оны өскелең ұрпаққа дәріптейтін мақала. Бүгін Елбасының мақаласын мектеп ұжымына таныстыру және талқылау мақстаында «Тарихи үндестік» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Қасымов Мадияр Сырымұлы мақалаға баяндама жасады.

Читать далее

Халық аспаптар бөлімінің қалыптасу тарихы

 Методикалық баяндама Карибаев Т Ж.және Аскаров Ш.А.

ec2ebfd3-97e5-4e69-ae99-cb1d977cb9dd

Читать далее

23 Қараша 2018

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" атты дөңлелек үстел

DSC 389922-ші қараша күні мектебімізде 12-сыныптардың қатысуымен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" атты дөңлелек үстел өтті. Бұл өзекті әрі маңызды мәселені оқушыларға өткізген тариx пәнінің мұғалімі - Қияқбаева С. С.

Читать далее

19 Қараша 2018

"Шабыт" шығармашылық жастар фестивалі

2018 жылы қарашаның 5-9 жұлдыздарында елордамыз - Астана қаласында өткен ХХІ Халықаралық "Шабыт" шығармашылық жастар фестивалінде "Халық музыкасы" номинациясы бойынша Қыл қобыз аспабында өнер көрсеткен мектебіміздің 12-сынып оқушысы Қыдырмұрат Әсел ІІІ дәрежелі диплом марапатын иеленді.

IMG 1586-11-11-18-12-09

 

IMG 1588-11-11-18-12-09

Читать далее

17 Қараша 2018

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылау және насихаттау

2018 жылдың 5 қазан күні мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты тақырыбында жолдау жолдаған болатын. Бүгін сол жолдауды талқылау және насихаттау мақсатында қоғам қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, түрік этномәдени орталығының төрағасы Касимов Қазақбай Таштемирұлын мектебімізге арнайы шақырып, оқушылар мен мұғалімдерге жолдаудың негізгі мақсаттары мен міндеттерін талқылау мақсатында жиын өтті.

Жолдаманы бастамай тұрып, Қазақбай мырза елбасының қадір-қасиеті туралы, халқымыздың жарқын болашағы үшін жасап жатқан ерен еңбектерін айта кетті. «Нұрсұлтандай Президенті бар біз – арманы асқақ елміз! Біз – бәсекеге қабілетті ұлтпыз! Қазақтың кең-байтақ, дарқан даласында дәулетін жинап, ұрпағын жайған 130-дан аса ұлт пен ұлыстар болғанымен мақсатымыз бір, мүддеміз ортақ. Ол – мәңгілік Қазақ елін құру» - деп жиынды бастады.

Жолдамада білім беру саласын бағалау жүйесі Халықаралық стандартқа негізделуі тиіс. Орта мектептерде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімделуі туралы баса айтылған. Сонымен қатар, мұғалімдердің білім беруден басқа да міндеттері көп және сол артық жұмыстан арылту керек екенін айтып өтті. Оқушылар жаңа технологияларды меңгеруге, инновациялық жобалар жасауға үлкен жол ашу керек. Қазақстанды ең дамыған мемлекеттердің қатарына қосу. 2019 жылды жастар жылы деп жариялауы Қазақстан үшін маңызды қадам. Бұл қазақ жастарының өсуі мен әлемдегі бәсекелестікке сай болуы үшін жасалынған инвестиция екенін түсіндірді.

Мақсаткерлік пен отансүйгіштік, патриоттық сезімді бойларыңа дарытуға шақырамын. Сендер қашанда гуманизмге, әділеттілікке, іскерлікке ұмтылыңдар, бірақ, өзімшіл болмаңдар! Сонда табыс та сендермен бірге ілесе жүреді. Табысты болыңдар, ұрпақтарым! – деп сөзін аяқтады Қазақбай Таштемирұлы.

Сонымен қатар жиын барысында мектеп мұғалімдері Сұлтанова Нұргүл Сағынтайқызы және Аманова Айдана Насрадинқызы жолдау бойынша арнайы пікірлерін білдіріп өтті. Қорытынды сөзді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Светлана Мұратқызы аяқтап, Қазақбай мырзаға мектебіміздің атынан алғыс білдірді.

DSC 3878

DSC 3885

 

 

 

Читать далее

15 Қараша 2018

Жалпыхалықтық диктант өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 14 қараша мектебімізде латын графикасы негізінде «ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ» өтті.

18c7afc1-8f76-4225-9b29-e275874b29cf

cd33a248-8fba-4a85-a258-0a9a7bd89949

Читать далее

14 Қараша 2018

Абонементтік концерт

Қараша айының 12-ші жұлдызында «Камерата Казахстана» оркестрімен бірге мектебіміздің оқушыларының абонементтік концерті өтті.

untitled

 

Читать далее