zhubanov

KZ        RU

Ахмет Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар байқауы

ҰСТАЗДАР КҮНІМЕН!

Әлеуметтік желіде ұстаздарға алғыс айтуға қатысты акция басталды

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мен ұстазыма алғыс айтамын» атты челленджін бастады. Бастамаға қосылатын

Концерт

                         
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

Желтоқсан 2018

27 Желтоқсан 2018

Жаңа жылдық кеш

26 желтоқсан күні мектебімізде тәрбие жоспары бойынша жаңа жылдық кеш өтті. 12-сынып оқушылары мектеппен қоштасуларына санаулы күндері қалғандықтан, бүгінгі мейрамның жоғары дәрежеде өтуі үшін барларын салды. Ертегі әлеміне саяхат жасап, ит жылын қуанышпен шығарып салып, келер жылды қарсы алды. Оқушылар өнерлерін ортаға салып, кешті жауапкершілікпен дайындағандарын көрсете білді. Келе жатқан 2019 жыл құтты болсын!

DSC 4221

DSC 4303

Читать далее

26 Желтоқсан 2018

Алматыда модернист-жазушының 80 жылдығы атап өтілді


24 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында жазушы, сыншы-драматург Асқар Сүлейменовке арналған салтанатты еске алу кеші өтті.
Еліміздің мәденитінің тарихи қарашаңырағы саналатын өнер ордасында жазушының шығармашылығын сүйіп оқитын оқырмандары, пікірлес, серіктестері және жастар жиналды. Көрермендер оның туындыларынан үзінділерді, жеке орындауындағы туындыларды, кинофильмдер фрагменттерін асқан ықыласпен тыңдады. Еске алу кешінің жүргізушісі, режиссёр әрі қоюшысы режиссер, сценарист, әртіс, тележурналист, продюсер, музыкант Али Шер Сүлеймен болды.
«Бүгін біздің рухани ой еркіндігімізге, қазіргі таңда көзіміздің қарашығындай сақтап отырған Тәуелсіздігімізге жарық сыйлап келген және өнегелі өмірлерімен біздерге үлгі боларлық 60-жылдардың ұрпақтары отыр. 60-жылдардың тұлғаларына өнегелі қағидаларға негізделген тәрбие үшін алғыс айтқым келеді. Бұл өз кезегінде біздің елдегі жоғары мәдениеттіліктің, тәуелсіздіктің берік тұғырлығына әсер етті» - деп атап өтті Али Шер Сүлеймен.
Өткен ғасырдың ортасында жазушы-модернші Асқар Сүлейменов өз шығармашылығымен замандастарына үлкен әсер етті. Оның әдебиеті бостандыққа, тарихи тамырларды, ұлттық өзіндік ерекшелікті сақтап қалуға шақырды. Асқар Сүлейменовтың қалдырған мұрасында көптеген аудармалар бар. Оның еңбектерінің арқасында қазақтілді оқырмандар Эрнест Хемингуэй, Михаил Булгаков, Бертольд Брехт шығармаларымен таныса алды. Қазақстанның заманауи қазақ әдебиеті мен өнерін Асқар Сүлейменовтің шығармашылығынсыз елестету қиын.
Сондай-ақ, Али Шер Сүлеймен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтан, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетовтен келген құттықтау хаттарын оқып берді. Сахнаға Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры А. Қалиева, қызы Қ. Сүлейменова, Д. Жолжақсынов, жақындары мен туыстары, сондай-ақ Мұрат Әуезов, Өмірзақ Айтбаев, Ғаділбек Шалахметов шығып сөз сөйледі.
Кеш Асқар Сүлейменовтің сүйікті туындыларына негізделген концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисті Зарина Алтынбаева өнер көрсетті.
Естеріңізге салсақ, биыл көрнекті жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Сүлейменовтің туғанына 80 жыл толуына орай іс-шаралар өтуде. 20 желтоқсан күні ҚР Ұлттық кітапханасында жазушы, әдебиет сыншысы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Сүлейменовтің 80 жылдық мерейтойына орай «Парасат Падишасы» атты еске алу кеші өтті. 2018 жылдың 23-желтоқсан күні Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында көрнекті «Асқар Сүлейменов және театр» көрмесінің ашылуы өтіп, жазушының «Адасқақ» циклі бойынша сахналанған «Біржанның соңғы әні» спектаклі қойылды.
Асқар Сүлейменов ұлттық рухани жаңғыруға, ойдың, өнердің түлеуіне үлкен үлес қосқан санаткер тұлға. Өз кезеңінің рухани көшбастарларының бірі болған ол қай жерде қызмет етсін мейлі, қашанда ұлттық мүддені ту етті. «Қазақфильм» киностудиясында оның сценарийімен «Адамдар мен арғымақтар», «Құлагер» фильмдері түсірілді, ол «Қыз Жібек» фильмінің редакторы ретінде көп жұмыс тындырды, М.Әуезов театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен жылдары ұлттық классиканың жаңаша интерпретациялануына үлес қосты.
Ұланғайыр білім иесі, халық әдебиеті мен салт-дәстүрдің, музыка мен жыр әлемінің, театр мен кино, бейнелеу өнерінің білгірі, сөз зергері А.Сүлейменов ел есінде. Оның есімі Түркістан облысының Созақ ауданындағы өзі оқыған және Сарыағаш қаласындағы мектепке, ал, 80 жылдық мерейтойына орай Түркістан қаласындағы бір көшеге берілді.
«Қазіргі таңда Асқар Сүлейменовтің рухани мұрасы – Қазақстанның қазіргі және өткен мәдениетінің арасындағы алтын көпір, рухани жаңғыруға ұмтылудың жарқын көрінісі» - деп қорытындылады Али Шер Сүлеймен.

IMG 8621

Читать далее

"Шаңырағым - шаттығым" атты ашық сабақ

25 желтоқсан күні мектебімізде 3 "ә" сыныбы "Шаңырағым - шаттығым" атты ашық сабақ өткізді. Отбасындағы әке мен ананың, баланың рөлін айқындау, ата-ананы сыйлауға, татулыққа тәрбиелеу мақсатында ашық сабақты өткізген 3"ә"сын жетекшісі- Джанпейсова Айнур Айтановна және сынып тәрбиешісі Темирбекова Зағира Сапарғалиқызы.
Сабақ барысында оқушылар өлең оқып, ән айтып, би билеп, жұмбақ жасырып барлығы да белсене қатысты. Оқушылар отбасыларына деген маxаббат, өз ортасына деген сүйіспеншілік, қоршаған ортаға деген мейірімділіктері жоғары екенін дәлелдей білді.

45288bb6-838d-4402-a4da-ec8b1981131a

Читать далее

23 Желтоқсан 2018

«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік кеш

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізінен ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген мектеп қарттарының орны ерекше.

Читать далее

21 Желтоқсан 2018

Астана - елімнің мақтанышы

Әлемдегі астаналардың ішіндегі ең жас және күннен-күнге көркейіп келе жатқан бас қаламыз бүгінгі таңда 20 жаста. Осы 20 жыл уақыт ішінде заманауи әрі әдемі қалаға айналған елордамызға қызығушылық танытып, туристердің келуі жыл сайын көбейіп келеді.

Читать далее

Ткишев Темір Ғабдуллинұлының 80 жылдық мерейтойы

Бүгін мектебімізде профессор, дүниежүзілік гобойшылар ассоциациясының құрметті мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, мектебіміздің ашылуына, іргетасын қалауына үлес қосқан, сол кезден бері үзбей еңбек етіп келе жатқан Ткишев Темір Ғабдуллинұлының 80 жылдық мерейтойына арналған кеш өтті.

Читать далее

15 Желтоқсан 2018

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт

14 желтоқсан 2018 жылы мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Читать далее

13 Желтоқсан 2018

«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы төңірегінде дөңгелек үстел өткізілді

2018 жылы 12 желтоқсан күні А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-ның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Умиркулова Гүлжан Рахымбекқызы мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ускембаева Зарина Нұрланқызы 9,11 сынып оқушыларымен Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы төңірегінде дөңгелек үстел өткізілді.

Читать далее

10 Желтоқсан 2018

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» аға кеңесшісімен кездесу

2018 жылы 5 қазан күні Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты тақырыбында Жолдау жолдады. Елбасы Жолдауында «Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру» бөлімінде бүгінде біз тұрғын үй құрылысына зор серпін беріп отырған «Нұрлы жер» бағдарламасын табысты іске асырудамыз деп айта кеткен.

2018 жылы 10 желтоқсан күні Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-де осы бағдарлама туралы мектебіміздің ұстаздарына және жас мамандарға түсіндіру мақсатында Алматы қаласындағы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» аға кеңесшісі, ипотека бойынша Қазақстандағы нөмірі бірінші бас кеңесші Беспаева Асель Сабитбекқызын арнайы шақырдық.

Читать далее

08 Желтоқсан 2018

ХАЛЫҚ АСПАПТАР БӨЛІМІНІҢ 50 жылдық мерейтойына арналған концерт

7 желтоқсан Қазақконцерт залында А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының ХАЛЫҚ АСПАПТАР БӨЛІМІНІҢ 50 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті.

DSC 38

Читать далее