zhubanov

KZ        RU

Мерекелік кеш

Ахмет Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар байқауы

Концерт

                         
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

Материалдар

Ткишев Темір Ғабдуллинұлының 80 жылдық мерейтойы

Бүгін мектебімізде профессор, дүниежүзілік гобойшылар ассоциациясының құрметті мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, мектебіміздің ашылуына, іргетасын қалауына үлес қосқан, сол кезден бері үзбей еңбек етіп келе жатқан Ткишев Темір Ғабдуллинұлының 80 жылдық мерейтойына арналған кеш өтті.

Мектептің үрмелі аспаптар оркестрі, сонымен қатар, Темір ағайдың шәкірттері өнерлерін ортаға салды. Қазіргі таңда Темір Ткишевтің шәкірттері елімізде және шет елдерде жұмыс жасап жүр. Солардың ішінде бүгінгі кешке арнайы Мәскеу қаласынан Бекболат Каламкас есімді шәкірті Темір ағайға хат жазып, мерейтойымен құттықтап, атқарған еңбектері үшін алғысын да жаудырды.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, Темір ағаймен ұзақ жылдар бойы симфониялық оркестрде қызмет еткен Александр Федянин, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының үрмелі аспаптар бөлімінің меңгерушісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Утеуов Мұхтар Жамашұлы, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының деканы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Жанат Ерманов тағы да басқа құрметті қонақтарымыз сөз сөйлеп, барлығы да Темір Ткишевтің адал, керемет адам екенін айтып, ізгі тілектерін арнады.

Қорытынды сөзді Темір Ткишев ұстазымыз алғысын айта отырып аяқтады. Осылай салтанатты кешіміз өз мәресіне жетті.

DSC 3965

DSC 4052