zhubanov

KZ        RU

Дарынды оқушылар

Ақтөбе қаласы

Концерт

                         
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

Сеитов Кайрат Макашевич

Сеитов Кайрат Макашевич жоғары білімді, жоғары санатты, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

Ол  1965 жылы дүниеге келген. 1989 жылы ҚазИФК-ін бітірген.

Дене тәрбиесі пәні мұғалімі оқушыларын көптеген жарыстарға дайындап, қатыстырып отырады. Осындай еңбектерінің арқасында қалалық білім басқармасынан, Алмалы аудандық білім басқармасынан, Алмалы ауданы әкімдігінен, Спорт және Туризм Ұлттық ойындары басқармасынан және мектеп әкімшілігінен бірнеше мақтау қағаздарымен марапатталған.

Толығырақ...

Тойболдиева Шолпан Жұмашқызы

017Тойболдиева Шолпан Жұмашқызы 03.01.1982 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді, ІІ санатты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі 13 жыл.

2002 жылы Алматы педагогикалық колледжін, 2012 жылы Қазақтың Спорт және Туризм академиясын бітірген.

Еңбек жолын Павлодар қаласында №18 орта мектепте бастаған. 2003-2015 жылдар аралығында Алматы қалалық №62 мектеп гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып істеген. 2015-2016 оқу жылынан бастап А.Жұбанов атындағы РҚМММИ-ның дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

Толығырақ...

Сабыра Сәуле Жақанқызы

             016   Сабыра Сәуле Жақанқызы 1973 жылы туылған. Жоғары білімді, І санатты математика пәнінің мұғалімі.  Еңбек өтілі 21 жыл.

1995 жылы Абай атындағы АлМУ-нің физика-математика факультетінің математика және информатика мамандығы бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы осы мекемеден бастаған. Сол кезден бастап математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады.

Тәжірибелі ұстаз «Сатылай кешенді талдау»,  «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» технологияларын меңгерген. Бірнеше мақалалары БАҚ – да жарияланған.

Толығырақ...

Қазақбаева Ақлима Дотаевна

            015    Қазақбаева Ақлима Дотаевна бірінші санатты, жоғары білімді, биология пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі 13 жыл.

                1995 жылы Шымкент энергетикалық колледжін, 2004 жылы ҚазМҰУ –нің химия факультетін , 2006 ҚазМҰУ Магистратурасын, 2014 жылы Шымкент педагогикалық Университетінің биология факультетін бітірген. 

                 

Калимов Нурлан Дюсенгалиевич

Калимов Нурлан Дюсенгалиевич жоғары білімді, аға сержант, АӘД пәнінің мұғалімі.

1994 жылы Жоғары Командалық Шекарашылар училищесін бітірген.

1998-2002 жылдары ҚР қарулы Күштер Қызметінде еңбек жолын бастады. 2002 жылдан бастап мұғалімдік жұмысқа ауысты. 2004-2006 жылдары Павлодар Педагогикалық Институтында, 2006-2009 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ – де, 2006-2009 жылдары ҚазҰПУ – інің колледжінде, 2015-2016 жылдары Алматы экономикалық колледжінде АӘД пәнінің мұғалім болып жұмыс істеген.

Толығырақ...