zhubanov

KZ        RU

Мерекелік кеш

Ахмет Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар байқауы

Концерт

                         
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

Анаға қарап қыз өсер

5 наурыз күні Ахмет Жұбанов атындағы РҚМММИ-да «Анаға қарап қыз өсер» атты тақырыпта ашық тәрбие сағаты өтті.

Балаларды барлық аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу, оқушылардың логикалық ой-өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту мақсатында өткен тәрбие сағатына 3 «а» және 3 «ә» сынып оқушылары мен аналары қатысты. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналып жасалған бұл шараны 3 сынып жетекшілері – Г.А. Жакишева, А.А. Джанпеисова, З.С. Темірбекова ұйымдастырды. Сайыс 5 бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде қыздар мен аналар өздерін таныстырып, сөз шеберліктерін танытты. Екінші бөлімде қыздар өнерлерін көрсетіп, үшінші бөлімде үй тапсырмасы бойынша қыздар қолдарынан дайындап келген тамақтары мен заттарын көрсетті. Төртінші бөлімде қыздар аналарының үйреткендерін паш етіп, қалай нан жая алатындарын көрсетті. Бесінші бөлімде, аналар ұлттық сұрақтарға жауап беріп, концертті қорытындылап, аналар мен қыздар марапатталды. Келе жатқан мейрамдарыңыз құтты болсын! Әрдайым балаға деген мейірімдеріңіз ортаймасын!

DSC 4864

 

DSC 4808

DSC 4776

DSC 4727