zhubanov

KZ        RU

ҰСТАЗДАР КҮНІМЕН!

Әлеуметтік желіде ұстаздарға алғыс айтуға қатысты акция басталды

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мен ұстазыма алғыс айтамын» атты челленджін бастады. Бастамаға қосылатын

Концерт

                         

Компания "SAM" наградила молодого композитора Нурали Бейсекожу специальным призом

Самый молодой композитор страны, студент 7-го класса нашей школы Нурали Биссезожа, написал работу «Аккан жул
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

Махсұтхан Тоқтанұлы Тәшімов 1957 жылы 16 қыркүйекте Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Оранғай ауылында дүниеге келген. Кентау қаласындағы №1 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебін 1972 жылы Шымкент қаласындағы музыкалық училищеге оқуға түсіп, 1976 жылы домбыра мамандығы бойынша бітіріп шығады. Сол жылы жолдамамен Қызылорда облыстық филармониясына қызметке орналасып, 1 жыл қызмет етеді.

1977 жылы Алматы мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясына оқуға түсіп, 1982 жылы домбыра мамандығы бойынша бітірген. Ал, 1981 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін республикалық дарынды балаларға арналған қазақ орта музыка мектеп- интернатында домбыра сыныбынан дәріс беріп келеді. Жұмыс өтілі – 33 жыл, жоғары санатты мұғалім. Шәкірттері қалалық, республикалық және халықаралық конкурстарға қатысып, лауреат атанған.

2012 жылы – ХХХХҮІ республикалық конкурста шәкірті Раманқұлов Мұратбек ІІ орын;

2014 жыл - республикалық конкурста шәкірті Раманқұлов Мұратбек ІІІ орын;

2017 жылы – «Асыл мұра» домбырашылар ансамблі Ташкент каласында өткен ІІІ халықаралық «Навруз садолары» конкурсында лауреат;

2018 жылы – шәкірті Асқарбаева Аяулым республикалық жас орындаушылар конкурсының лауреаты;

2018 жылы  – «Асыл мұра» домбырашылар ансамблі Ташкент каласында өткен ІҮ Халықаралық «Навруз садолары» конкурсында лауреат атанды.

Жоғары санатты ұстаз 2006 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталған.

Жұбайы – Ақбаева Данеш Алматы қаласында «Өнер мектебінде» мұғалім болып қызмет етеді. Қыздары Тәшімова Әсел республикалық дарынды балаларға арналған қазақ орта музыка мектеп- интернатында концертмейстер,  Тәшімова Ботакөз, Астана қаласындағы филармониясының қазақ халық аспатар оркестрінің қобыз тобының концертмейстері болып қызмет атқарады.

71

Манасбаева Мақпал 1990 жылы 6 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылында дүниеге келген. 2010 жылы А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған қазақ мамандандырылған мектеп интернатының қыл қобыз мамандығы бойынша ұстазы Саян Ақмолдадан бітіріп шыққан. 2010 жылы Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясына түсіп, 2014 жылы аталмыш жоғары оқу орнын профессор Базархан Қосбасаровтың класы бойынша аяқтады. 2016 жылы Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының магистратурасын бітірген.

2014 жылы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында жарыққа шыққан «дәстүрлі музыканың бүгінгі жай күйі» монографиясында «Қобыз дәстүріндегі айтулы орындаушылар» атты мақаласының авторы.

  • 2007 жылы «Мәңгілік сарын» Республикалық көне аспаптарда орындаушылар байқауының лауреаты III орын; (Алматы қаласы);
  • 2007 жылы Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты II орын (Астана қаласы);
  • 2009 жылы «Ықылас Дүкенұлы» атындағы I республикалық қобызшылар байқауының лауреаты III орын (Тараз қаласы);
  • 2009 жылы Тәттімбет атындағы I-Республикалық халық аспаптарында орындаушылар байқауының лауреаты III орын (Қарағанды қаласы); 
  • 2009 жылы халықаралық «Musik forum Kazakhstаn» халық аспаптарында орындаушылар байқауының лауреаты III орын (Алматы қаласы);
  • 2010 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ұйымдастырған олимпиаданың лауреаты І орын (Алматы қаласы); 
  • 2012 жылы «Қорқыт»атындағы түркі тілдес мемлекеттердің дәстүрлі орындаушылық өнер фестивалінің лауреаты II орын.(Астана қаласы);
  • 2012жылы «Құрманғазы» атындағы IX Республикалық халық аспаптарында орындаушылар конкурсының лауреаты III-орын (Астана қаласы);
  • 2013 жылы Тәттімбет атындағы III Республикалық халық аспаптарында орындаушылар байқауының II орын (Қарағанды қаласы);
  • 2014 жылы «Ерден Сандыбайұлы»атындағы I Республикалық конкурсының лауреаты I орын (Сатпаев қаласы) иеленді.                                                                                                                                        2012 жылдан бастап  А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында қыл қобыз мамандығы бойынша ұстаздық қызмет атқарып келеді.

61

Мұстафаев Ерболат Жұмашұлы 1963 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Алматы Мемлекеттік консерваториясын бітірді. 1983 жылы I Құрманғазы атындағы Республикалық конкурстың лауреаты атанды (ІІІ орын). 1985 жылы «Мұрагер» фольклорлық ансамблі құрамында Африканың 7 мемлекеті (Марокко, Гвинея, Гвинея-Бисау, Конго, Гана, Сьерра-Леона, Ангола) және Венгрияда болып өнер көрсетті, жеке домбырашы болды. 1986 жылы У. Ғаджібеков атындағы І Халықаралық конкурстың лауреаты атанды (І орын). 1986-87 жылдары Құрманғазы атындағы академиялық оркестрде қызмет істеді. 1987-92 жылдары арасында жолдама арқылы Қазақтың Мемлекеттік ән-би ансамблінде жеке домбырашы және оркестр жетекшісі қызметін атқарды. 1992 жылы туған жері Қызылорда қаласына келіп, Қазанғап атындағы музыкалық колледжге орналасты. 

1992-2012 жылдары арасында оның класынан 80-нен астам оқушы білім алды. Олардың 20-сы Қазақ Ұлттық консерваториясына оқуға қабылданды, 10-ы Астана Ұлттық музыка академиясына түсті, 8-і Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінде оқып бітіріп шықты, оның класынан барлығы 40-тан астам оқушысы жоғары оқу орнына қабылданған. 5 оқушысы Республикалық конкурстың лауреаты атанды. 3 кітаптың авторы. 1993 жылы «Күйші, композитор, ұлағатты ұстаз» (Алғашқы ұстазы күйші Тасболат Сқақов туралы), 1994 жылы «Домбыраға арналған ансамбльдер», 2006 жылы «Мақам-мәңгілік мәйегі» атты музыкалық-этнографиялық жинағы басылып шықты.

 1998 жылы 30 тамызда «Астана» медалімен марапатталды. 1998 жылы Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында Х Дүниежүзілік ассамблеяда өнер көрсетті. Ерболат Мұстафаев 25 шет мемлекеттің сахнасында күй өнерін дәріптеген. Қазақстан теледидарында үш концерті жазылып алынған. Қазақ радиосының «Алтын қорында» орындаған 80-нен астам күйі бар.

2001 жылы Шымкент қаласында өткен күйшілер сайысында І орынды жеңіп қайтты. 2004 жылы Қазанғап күйлерін орындаудан «Ақжелең» атты Республикалық күйшілер конкурсында Бас жүлде алды. 2006 жылы қыркүйек айында Алматыда өткен «Күй керуені» атты фестивальға Қызылорда облысы атынан қатысып «Алтын қобыз» жүлдесін алып қайтты. 2008 жылы облыс әкімінің стипендиаты болды. Сол жылы «Желмая» атты жеке дискісі шықты.

2009 жылдың наурыз айында Біріккен Араб Эмираттарында өткен Қазақстан Республикасының мәдени күндеріне қатысып қайтты. «Қазақтың 1000 күйі», «Мәңгілік сарын», «Қайталанбас дауыстар» антологияларына Е. Мұстафаевтың орындауында күйлер енген. 2012 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын алды. 2015 жылы «Көне құлақ, ескі жад» атты кітабы жарық көрді. 2018 жылы «Күй өнері және тәрбие» атты кітабы шықты. Репертуарында 300-ден астам күйлер бар.

Ерболат Жұмашұлы Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектепте 2012 жылдан бастап еңбек етеді. Оқушысы Сұлтанғали Назерке 2015 жылы 4 рет республикалық және халықаралық конкурстың лауреаты атанды. 2018 жылдың 1 мамырында өткен «Өнерлі өркениет» атты республикалық конкурста 2-сынып оқушысы Мұрат Есхат ІІ дәрежелі лауреат атанды.

  47Байджуманов Данияр Азаткалиевич

72

 

Болатбек Әбдікерімұлы Бимырзаев – ҚР білім беруісінің құрметті қызметкері. 1977 жылы Шымкент музыкалық училищесін,  1982 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1978–1981жылы Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптары оркестрінің артисі, 1981–1997 жылы Қызылорда музыкалық колледжінде ұстаз және орыс халық аспаптары оркестрінің жетекшісі болды.1997 жылдан А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-ның домбыра-прима аспабының ұстазы және 2005–2012 жыл аралығында халық аспаптары бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2005 -2009 жыл аралығында халық аспаптар оркестірін басқарды. Шәкірттері республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаттары. Атап айтқанда Г.Түлкібаева, А.Садуақасова, Т.Қаңтарбаева, А.Рахимова, С.Жарқынбекова, Ә.Әли, Ә.Ғарифолла, Әділ Әли, Р.Қожалимов және басқа да шәкірттері көп белестерден асуда.