zhubanov

KZ        RU

Дарынды оқушылар

Ақтөбе қаласы

Концерт

                         
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

57

Таныбекова Алма Сағынбекқызы – А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-ның тәжірибесі мол, жоғары деңгейлі мамандарының бірі.

          Алма Сағынбекқызы 1977 жылы А.Жұбанов атындағы Республикалық музыка мектеп-интернатын және Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын бітіріп, өзінің еңбек жолын 1982 жылы  Қарағанды қаласындағы облыстық арнаулы музыкалық мектепте бастаған. 1992 жылдан бері А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-да музыка теориясы бөлімінің ұстазы болып қызмет атқарып келеді. Алма Сағынбекқызы өзінің шығармашылдық ізденісімен ерекшеленеді, оның бастамасымен ұйымдастырылған «Алғашқы қадам» концерті бұл күнде мектептің жылда өткізілетін игі дәстүрлерінің біріне айналды. Жылдар бойы қабылдау комиссиясының жауапты хатшылығын тұрақты атқаруда. Мектепке дарынды балаларды іріктеп қабылдауда өзінің кәсіби шеберлігімен мектеп ұжымы мен әкімшілігінің сенімін ақтап келеді.

Толығырақ...

 

70

 

 Абишева Бахытжан Токкуловна1987 жылы Қарағанды қаласындағы мамандырылған музыка мектеп-интернатын, 1992 жылы Құрманғазы атындағы АМК-ғы халық аспаптар бөлімінің альт қобыз мамандығы бойынша бітірді. 1992 жылы Қазақ. 1996 жылдан бері А.Жұбанов атындағы РҚМММИ-ның фонотека кабинетінде жұмыс атқарып келеді. Мектептің фонотека кабинетін жаңа музыка материалдарымен толықтырып, бөлімнің іс-шараларына белсенді қатысуда. 2011 жылы «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

55

Рысдаулетова Гульнарям Абдугалиевна 1984 жылы Семей қаласының М.Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің теория бөлімін және 2003 жылы – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын музыка және ән мамандығы бойынша бітірді.

       1996-2008 жылдар аралығында К.Байсеитова атындағы РММОМИ тәрбиеші-репетитор қызметін атқарды. 2008 жылдан бері А.Жұбанов атындағы РҚМММИ-да музыка теориясы бөлімінің ұстазы болып қызмет атқаруда.Гульнарям Абдугалиеваның бастауыш сыныптардағы сольфеджио пәнінен өткізген ашық сабақтары, «Романс тарихы» атты лекция-концерті әріптестерінің көңілінен шығып, сапалы деп бағаланды. Әр ісіне шығармашылықпен қарайтын Г.А.Рысдаулетова – тәжірибелі ұстаз ретінде көрініп келеді.    ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Құрмет Грамотасымен (2014), мектеп әкімшілігінен алғыс хаттармен марапатталды.

54

Бекжигитова Алима Муратқызы – теория бөлімінің ұстазы. Құрманғазы атындағы ҚҰК-ны бітіріп (1997 ж.), 2012 ж. бастап А.Жұбанов атындағы мектепте жұмыс атқарады. 2012-2018 жыл аралығында өзін өте еңбекқор, жауапкершілігі мол оқытушы ретінде көрсете алды. А.М.Бекжигитова орта, жоғары сыныптарында сольфеджио, теория және гармония пәндерін жүргізеді.

Ұстаздықпен қатар Бекжигитова А.М. мектептің іс-шараларына белсене қатысады. 2012 ж. бастап, теория бөлімінің және республикалық, халықаралық сайыстарда ұйымдастыру комитетінің мүшесі міндетін атқарып келеді.  

Толығырақ...

52

Кукумбаева Райхан Батталқызы – беделді, тәжірибелі ұстаз. 1972 жылы А.Жұбанов атындағы РҚМММИ-ның теория бөлімін, 1977 жылы – Құрманғазы атындағы АМК-сын бітірді. 1980 жылдан бері А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-да музыка теориясы бөлімінің ұстазы.

                Р.Б.Кукумбаева балаларға білім беру жолында үнемі ізденіс үстінде жүріп, жас мамандарға да методикалық кеңес беріп, көмектесуден талмай, тәжірибесімен бөліседі. Райхан Батталқызының ұйымдастырушылық қабілеті өте жоғары: 1989-1991 жылдар аралығында бөлім меңгерушісі болды.

Толығырақ...