zhubanov

KZ        RU

Мерекелік кеш

Ахмет Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар байқауы

Концерт

                         
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

Кеңейтілген алқа мәжілісі

19 ақпан, 2019 жылы Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2018 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы еліміздің 2018 жылда жеткен жетістіктері мен алға қойған жоспарларымен бөлісті. Министр "Ұлы Даланың жеті қыры" бағдарламасының жобаларын іске асырып, еліміздің дамуы үшін жасалып жатқан жұмыстармен бөлісті. 

crUYlFxun4Y

 

Жастар жылы

23 қаңтар күні Астана қаласындағы «Нұр Әлем» павильонында «Тәуелсіздік ұрпақтары» атауымен Жастар жылының салтанатты ашылуы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен өткен болатын. Жиынға 34 жасқа дейінгі маркетинг, агроөнеркәсіп, инновация, технология, білім беру, ІТ, металлургия, энергетика, спорт, шетелдегі қазақтар, әдебиет, өнертапқыштар, көп балалы ана, мәдениет және т.б. салаларында орасан жетістіктерге жеткен жастар аталмыш жиынға қатысып, өздерінің ұсыныстары мен жеке пікірлерін барша қазақстандықтарға жеткізе отырып, жалынды жастарды бірігіп жұмыс істеуге шақырды. Осындай ұрандатылған жиыннан соң редакциямызға хабарласқан жастардың қатары көп болды. Көбісі сол жиынды теледидар арқылы тамашалағанын айтып, өзінше демеулерін білдірткен. Солардың қатарында Мәдениет және спорт саласында қызмет етіп жүрген жастар. Елбасына және жастарға арналған Үндеу хатын толық нұсқасында бергенді жөн көрдік. АСА ҚҰРМЕТТІ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ және ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҚ БЕТКЕ ҰСТАР ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ!Сіз «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауыңызда 2019 жылды Жастар жылы деп атап көрсеткен едіңіз. Жастар жылының жариялануы еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлес қосуға ниетті жастар үшін үлкен серпіліс сыйлады. Сіздің қатысуыңызбен ашылған Жастар жылы жүрегімізге жігер бітіріп, рухымызды аспандатты. Жастар жылы аясында ауқымды шаралардың жанынан табылып, бірегей бастамаларды жүзеге асыруға әзірміз. Жастар жылы еліміздегі жас буын өкілдерінің тұлға болып қалыптасуына, әр саладағы үздік саңлақтарды, өз ісінің білікті мамандарын танытуға септігін тигізеді деп сенеміз. Жастар – қоғамның басты қозғаушы күші. Жастар – еліміздің болашағы. Еліміз егемендікке қол жеткізген тұстан бастап осы қағиданы берік ұстанды. Жастардың мемлекет дамуы мен өркендеуіндегі басымдылыққа ие орнын анықтай отырып, жастарды қолдаудың түрлі бағдарламалары қабылданды және өзінің жемісті нәтижесін берді деп айтуға толық негіз бар. Ондай мемлекеттік бағдарламалар қатарында жастардың озық елдердің тәжірибесі мен білімін игеруге күш жұмсаған «Болашақ» бағдарламасы және де «Жастар практикасы», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға!», «Жастар кадрлық резерві», «Мемлекеттік қызмет мектебі», «Жастар – Отанға!» атты мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Бұл егемендіктің алғашқы күндерінен ақ жастар мәселесінің мемлекет назарынан тыс қалмағандығының басты дәлелі. 2019 жыл – осы тарихи сабақтастықтың заңды жалғасы ретінде «Жастар жылы» деп аталды. Сөзсіз Елбасының жастарға деген зор құрметі мен ыстық ықыласы тәуелсіздік жылдарында анық байқалып, іс жүзінде орындалғанына жас буын куәгер. Аталған бастама жастарға деген сенім мен жауапкершіліктің айқын көрсеткіші. Алар асуымыз, бағындырар белестеріміз және болашағымыздың баяндылығы үшін бағытталған мерейлі жыл жалынды жастардың қалыптасуына көп септігін тигізетініне сеніміміз мол! Аса мәртебелі, Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің сарабдал саясатыңыз бен тәуелсіздік рухымен өскен жастардың еңбегі елімізді жаңа жетістіктерге жетелейтініне кәміл сенеміз! ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты мекеме ұйымдарының бір топ жастары:Д. Н. Тілендиева – Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының қызметкері;Д. Т. Белгібаев – Т.Жүргенов атындағы ҚазӨА оқытушысы;А. Ж. Амаргазиева – «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкері;Д. Т. Әлиақпар – «Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК-тың қызметкері;А. А. Ғаббасова – «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының қызметкері;А. Б. Манапова – ҚР Мемлекеттік орталық музейінің қызметкері;Н. Н. Жолдыбалинов – ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қызметкері;А. Жүсіпқызы – Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің қызметкері;Б. Т. Ргызбаева – «Мемлекеттік академиялық би театры» РМҚК қызметкері;А. Тоқтахметова – «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның қызметкері;М. Әмірғалиев – «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінің қызметкері;Е. И. Сапарбаев – «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі» РМҚК-ның қызметкері;Э. М. Есполова – «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» Мемлекеттік музейі» РМҚК қызметкері;Н. Н. Куспанова – «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» қызметкері;А. Б. Бираяқов – «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінің қызметкері;К. Исмаилов – «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қызметкері;М. Құсайынова – «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкері;Ж. А. Көрпебаев – «Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі» РМҚК қызметкері;Қ. Омаров – «Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» қызметкері;А. Қалтай – «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметкері;А. М. Мұхтарханов – «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкері;Р. Кешубаева – «Шаңырақ» шағын ауданындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкері;А. Сатубалдин – ҚР Ұлттық музейінің қызметкері;Ж. Алпысбаева – Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік мемлекеттік қорық-музейінің қызметкері;С. Ү. Абдрахманов – «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблі қызметкері;Ж. Шілдебаева – «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі қызметкері;А. Жолдасов – «ҚР Ұлттық кітапханасы» қызметкері;Ж. Т. Абиева – ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы қызметкері;А. Орынбаева – «Астана Балет» театрының қызметкері;Б. Байболов – «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкері;Е. Отарбаев – «Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының қызметкері.

Толығырақ: https://aikyn.kz/2019/01/31/78816.html
Материалды көшіріп басқанда www.aikyn.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қанатты сөздері

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: 

«Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман».

***

«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді».

***

«Сол білімді әжетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімен бағаланады».

***

«Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз – өмір тұл».

***

«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны».

***

«Бүгін қазақстандықтар – жас және серпінді ұлт. Біздің азаматтарымыздың орта жасы 35-тен аспайды».

***

«Жас қазақстандық азамат дегеніміз – бұл тек құқық қана емес, бірінші кезекте өзі, өзінің отбасы және біздің Отанымыз үшін ұлы жауапкершілік екенін есте ұстаулары тиіс».

***

«ХХІ ғасырда қазақстандықтар Ұзақ жасаушылар Ұлты болуы тиіс».

***

«Денсаулықты бірінші кезекте адамның өзі қалыптастыруы керек».

***

«Мен сіздерді және барлық студенттерді біздің олимпиадашыларымыздың жеңісі құрметіне зиянды әдеттерден бас тартуға шақырамын, спортпен айналысыңыздар, саламатты өмір салтын ұстаныңыздар».

***

«Біз «білім – ғылым – инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз».

«Мен біздің халықтық игілігіміз болып табылатын қазақстандық табыстың үш кілті туралы еске сала кеткім келеді.

Бірінші. 140 этностың басын құрайтын барлық қазақстандықтардың бірлігі – бұл ғаламат құндылық.

Біздің міндетіміз – оны қорғау, сақтау және байыту.

Біз әлемдік мұхитта өз бағытымен аман-есен жүзіп келе жатқан қайығымызды ешкімнің шайқауына жол бермейміз.

Екінші. Біздің барлығымызға және әрқайсымызға тән тағаттылық.

Этностық және діни айырмашылықты байыппен түсіну және құрметпен қабылдау.

Осының арқасында біздің әралуандығымыз біздерді бөлмейді, қайта біріктіреді.

Егер біздің тағаттылығымыз болмаса, онда біздің қайығымыз бағытынан ауытқып кетуі ықтимал және әрі қарай апаттан қорғалмайтын болады.

Біз апатқа ұшырап, «SOS» белгісін беретін теңіз саяхатшыларына айналамыз.

Үшінші. Бұл тарихи тағдырымыздың ортақтығы.

Біздің мақсатымыз – өзгермелі әлемдегі жаңа жағдайларда тек тірі қалу емес, сондай-ақ бұрынғы табыстарымызды нығайта, осы жаңа әлемге өзіміздің ықпал ету мүмкіндігімізді кеңейте отырып, дамуымызды жалғастыру.

Тек осы біздің құндылықтарымызды нығайта және көбейте отырып қана біз әр қазақстандық отбасы үшін қауіпсіз және бақытты болашақ құра аламыз».

40603d13-b506-41f6-95c7-b494ec718e3c

 

Тәуелсіздіктің ұрпақтары

Бүгін Астана қаласында «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтеді. Іс-шараға Мемлекет басшысы, Үкімет мүшелері, ҚР Парламенті депутаттары, жергілікті атқарушы органдар басшылары, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар қатысады деп күтілуде. Сонымен қатар бұл жиынға шығармашылық, студенттік және жұмысшы жастар өкілдері, жас спортшылар, дарынды балалар, заманауи медиа саласының өкілдері, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, жас әскери қызметшілер шықырылды. Осылайша, елімізде мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдау мен жүзеге асыруға бағытталған ауқымды іс-қимыл жоспарын іске асыру бастау алатын болады. Салтанатты жиын барысында жастар жүзеге асырған табысты жобалар мен жаңа өнімдердер таныстырылады. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда Жастар жылының логотипі бекітілді. Еске сала кетсек, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған болатын. Президент өз сөзінде жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керектігін айтқан болатын Ал, арада бір айдан астам уақыт өткенде Елбасы Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды. #ILoveQazaqstan, #ElimdiSuiemin, #JastarAlga, #JarqynBolashaq. #ЯЛюблюКазахстан, #ЯЗаЕлбасы. 

cf6764d9-ca71-4e13-afc7-974eaaf5ce2e

 

Алматыда модернист-жазушының 80 жылдығы атап өтілді


24 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында жазушы, сыншы-драматург Асқар Сүлейменовке арналған салтанатты еске алу кеші өтті.
Еліміздің мәденитінің тарихи қарашаңырағы саналатын өнер ордасында жазушының шығармашылығын сүйіп оқитын оқырмандары, пікірлес, серіктестері және жастар жиналды. Көрермендер оның туындыларынан үзінділерді, жеке орындауындағы туындыларды, кинофильмдер фрагменттерін асқан ықыласпен тыңдады. Еске алу кешінің жүргізушісі, режиссёр әрі қоюшысы режиссер, сценарист, әртіс, тележурналист, продюсер, музыкант Али Шер Сүлеймен болды.
«Бүгін біздің рухани ой еркіндігімізге, қазіргі таңда көзіміздің қарашығындай сақтап отырған Тәуелсіздігімізге жарық сыйлап келген және өнегелі өмірлерімен біздерге үлгі боларлық 60-жылдардың ұрпақтары отыр. 60-жылдардың тұлғаларына өнегелі қағидаларға негізделген тәрбие үшін алғыс айтқым келеді. Бұл өз кезегінде біздің елдегі жоғары мәдениеттіліктің, тәуелсіздіктің берік тұғырлығына әсер етті» - деп атап өтті Али Шер Сүлеймен.
Өткен ғасырдың ортасында жазушы-модернші Асқар Сүлейменов өз шығармашылығымен замандастарына үлкен әсер етті. Оның әдебиеті бостандыққа, тарихи тамырларды, ұлттық өзіндік ерекшелікті сақтап қалуға шақырды. Асқар Сүлейменовтың қалдырған мұрасында көптеген аудармалар бар. Оның еңбектерінің арқасында қазақтілді оқырмандар Эрнест Хемингуэй, Михаил Булгаков, Бертольд Брехт шығармаларымен таныса алды. Қазақстанның заманауи қазақ әдебиеті мен өнерін Асқар Сүлейменовтің шығармашылығынсыз елестету қиын.
Сондай-ақ, Али Шер Сүлеймен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтан, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетовтен келген құттықтау хаттарын оқып берді. Сахнаға Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры А. Қалиева, қызы Қ. Сүлейменова, Д. Жолжақсынов, жақындары мен туыстары, сондай-ақ Мұрат Әуезов, Өмірзақ Айтбаев, Ғаділбек Шалахметов шығып сөз сөйледі.
Кеш Асқар Сүлейменовтің сүйікті туындыларына негізделген концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисті Зарина Алтынбаева өнер көрсетті.
Естеріңізге салсақ, биыл көрнекті жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Сүлейменовтің туғанына 80 жыл толуына орай іс-шаралар өтуде. 20 желтоқсан күні ҚР Ұлттық кітапханасында жазушы, әдебиет сыншысы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Сүлейменовтің 80 жылдық мерейтойына орай «Парасат Падишасы» атты еске алу кеші өтті. 2018 жылдың 23-желтоқсан күні Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында көрнекті «Асқар Сүлейменов және театр» көрмесінің ашылуы өтіп, жазушының «Адасқақ» циклі бойынша сахналанған «Біржанның соңғы әні» спектаклі қойылды.
Асқар Сүлейменов ұлттық рухани жаңғыруға, ойдың, өнердің түлеуіне үлкен үлес қосқан санаткер тұлға. Өз кезеңінің рухани көшбастарларының бірі болған ол қай жерде қызмет етсін мейлі, қашанда ұлттық мүддені ту етті. «Қазақфильм» киностудиясында оның сценарийімен «Адамдар мен арғымақтар», «Құлагер» фильмдері түсірілді, ол «Қыз Жібек» фильмінің редакторы ретінде көп жұмыс тындырды, М.Әуезов театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен жылдары ұлттық классиканың жаңаша интерпретациялануына үлес қосты.
Ұланғайыр білім иесі, халық әдебиеті мен салт-дәстүрдің, музыка мен жыр әлемінің, театр мен кино, бейнелеу өнерінің білгірі, сөз зергері А.Сүлейменов ел есінде. Оның есімі Түркістан облысының Созақ ауданындағы өзі оқыған және Сарыағаш қаласындағы мектепке, ал, 80 жылдық мерейтойына орай Түркістан қаласындағы бір көшеге берілді.
«Қазіргі таңда Асқар Сүлейменовтің рухани мұрасы – Қазақстанның қазіргі және өткен мәдениетінің арасындағы алтын көпір, рухани жаңғыруға ұмтылудың жарқын көрінісі» - деп қорытындылады Али Шер Сүлеймен.

IMG 8621