zhubanov

KZ        RU

New slide

ahgfhfg hfh

Наурыз-думан...

Международный конкурс молодых исполнителей им. П. И. Чайковского

Концерт

           
YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

Материалы

А.Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар конкурсы

А.Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар

конкурсы

(«Халық аспаптар» номинациясы)

І Жалпы ережесі

А.Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар Конкурсы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2018 жылдың 28 қазан -04 қарашасында А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының базасында өткізіледі.

Мекен-жайы:            050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 66/5

                                   Тел/факс: 8 (727) 375 55 42, 8 (727) 375 55 39

                                  e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

  • Балалар мен жастардың шығармашылық тұрғыда жетілуіне жағдай жасау;
  • Өнерлі, дарынды жас орындаушыларды анықтау;
  • Балалар мен жастарды дәстүрге, мәдениетке және ұлттық шығармашылыққа тарту;
  • Олардың бойында музыкалық-эстетикалық тәрбиені жетілдіру, орындау шеберлігін арттыру.

ІІ Байқауды өткізу шарты және тәртібі

  • Байқауға арнайы мамандандырылған музыка мектептерінің оқушылары қатысады;
  • Байқау төмендегі номинация бойынша өтеді, және аспапта ойнау ерекшелігіне қарай түрлі топқа жіктеледі. Олар:

1)  Шертпелі-төкпелі аспаптар (домбыра, дутар, қомыз)

2)  Ыспалы-ысқышты аспаптар(қыл қобыз, қыл қыяқ, гиджак, прима-қобыз, прима-қыяқ)

3) Ыспалы-шекпелі (домбыра-прима, шертер, рубаб, тар, уд) және клавишті-пневматикалық аспаптар (сырнай,баян, аккордеон).

Қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарай топқа бөлінуі:

            Кіші топ – 9-12 жас

Орта топ – 13-15 жас

Үлкен топ – 16-19

«Шертер» номинациясы бойынша:

Орта топ – 13-15 жас

Үлкен топ – 16-19 жас

  • Бір оқу орнынан әр топ бойынша және әр номинация бойынша екі қатысушы ғана жіберіледі;
  • байқаудың барлық кезеңдері жариялы түрде өтеді;
  • барлық шығармалар жатқа орындалуы тиіс;
  • байқауға қатысушы өтінімде көрсетілген бағдарламаны өзгерте алмайды;
  • байқауға қатысушылардың өнер көрсету тәртібі алдын-ала жеребе арқылы анықталады және осы тәртіп байқаудың соңына дейін сақталады;
  • қатысушыларға дайындық кабинеттері беріледі.

Қазылар алқасы

  • қазылар алқасының құрамы Қазақстан Республикасы және шет мемлекеттерінің танымал белгілі өнер қайраткерлерінен тұрады;
  • қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды;
  • қазылар алқасы сыйлықтарды өз қарауы бойынша бөлуге құқылы, бас жүлде бөлінбейді.

ІІІ Өтініштерді тапсыру шарттары

Жас орындаушылар байқауына қатысу үшін келесі тізімдегі құжаттарды жіберулері керек:

  • берілген үлгідегі өтініш (электрондық түрде MS Word бағдарламасымен терілген);
  • жеке басын куәландыратын құжаттың анық түрдегі көшірмесі (туу туралы куәлік немесе жеке куәлік/төлқұжат, электрондық түрде);
  • 10х12 см пішіндегі 2 фотосурет (электрондық түрде);
  • шығармашылық өмірбаян (мекеменің мөрімен бекітілген, электрондық түрде);
  • оқу орнынан анықтама (электронық түрде);
  • байқау бағдарламасы (электрондық түрде міндетті, уақыты анық көрсетілуі керек);

А.Жұбанов атындағы мектептің интернатында тұратын байқау қатысушылары мен жетекшілерде денсаулығы жөнінде (эпидокружение) медициналық анықтама болу керек.

Жетекшілерге ұйымдастыру алқасына іс-сапар туралы бұйрықтың көшірмесін тапсыру керек.

Құжаттар түгел болмаған жағдайда, өтініштер қабылданбайды.

Өтініштер 2018 жылдың 25 қыркүйегіне дейін (электрондық мекен-жай) қабылданады: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

                                              

            тел. 8 (727) 391 06 10, 8 707 803 18 44 Иемкулова Жазгуль Турдакынбайевна           

Факс:   375 55 42

IV Қаржыландыру

  1. Әрбір талапкер байқауға қатысу үшін алдын-ала төлем төлейді.
  1. Алдын-ала төлем байқауға тіркеу күні төленеді.
  2. Алдын-ала төлем қайтарылмайды.
  3. Байқауға қатысушының, олардың ұстаздары мен концертмейстерлерінің жол шығынын, жатын орны мен тамақтануын байқауға қатысушы талапкер немесе жіберуші мекеме төлейді.
  4. Байқау жеңімпаздары әрбір номинация бойынша дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
  5. Ұйымдастыру комитеті байқауға қатысушылардың қалауы бойынша мектеп интернатынан тамақ және жатын орынмен қамтамасыз етеді. (Өтінім толтырылғанда қажеттілігін көрсетілуі тиіс)

Справки по телефону:

8-701-368-31-37 Светлана Муратовна (келу, кету)

8-707-837-73-07 Карибаев Т.Ж. (Халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі)

8-702-361-12-16 Казыбекова Г.К. (Арнайы фортепиано бөлімінің меңгерушісі)

8-707-564-41-90 Гульмира Жумадиловна (ұйымдастыру сұрақтар бойынша)

8-707-803-18-44 Жазгуль Иемкулова (ұйымдастыру сұрақтар бойынша)