zhubanov

KZ        RU

Дарынды оқушылар

Концерт

           

Ақтөбе қаласы

YouMomentum Slider - модуль joomla Скрипты

АСТАНА


   АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қолдау көрсеткен «Challenge Другой ты!» спорттық шарасы аясында Қазақстанның 4 қаласымен ауқымды «Спорттық телекөпір» өткізілді. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бастаған мыңдаған елордалық тұрғындар иық тіресе жаттығу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Мемлекет басшысы біз үшін үлгі. Нұрсұлтан Әбішұлы аталған акция аясында барлық қазақстандықтарды спортпен шұғылдануға шақырды. Елбасы өзінің Жолдауы аясында ең маңызды тапсырманы - 2020 жылға дейін халықтың 30 пайызы дене шынықтыру және спортпен айналысуы керектігін атап өткен болатын. Өткен жылдың қорытындысы бойынша деен шынықтырумен айналысатын адамдардың саны 5 миллионнан асты. Біз осымен тоқталып қалмауымыз керек. Мен сіздердің барлықтарыңызды спортпен айналысуға шақырамын. Дене шынықтыру - сіздің өміріңіздің бір бөлшегіне айналуы керек», - деді министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Подробнее...

Объявление

 

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

   «А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық мектеп интернаты» РММ 2018-2019 оқу жылына 6-7 жастағы балаларды 1-сыныпқа төменгі мамандықтар бойынша қабылдайды: домбыра, қобыз, фортепиано, скрипка, виолончель, флейта.

Құжаттарды 21 мамырдан 30 мамырға дейін қабылдайды.

Қабылдау емтихандары: 1 - 2-3 маусымда өтеді.

 

Қабылдау емтихан шарттары:

Емтихан үш кезеңнен тұрады

І кезең – екі-үш ән орындайды. Музыкалық есту және есте сақтау қабілетін тексеру үшін қысқа жаттығулар ойналады. Мелодиялық, гармониялық есту қабілеттері тексеріледі. Баланың координациялық қимылдарын, ритмін байқау үшін тапсырмалар беріледі.

 

ІІ кезең – ән орындалады. ІІ кезеңде І кезеңнің барлық тапсырмалары күрделі түрде беріледі.

ІІІ кезең – баланың жалпы даму деңгейін тексеру үшін тапсырмалар беріледі. Әр баланың икеміне және талғамына қарай аспаптарға бөлу.

Қажетті құжаттар:

 

  1. Туу туралы куәлік (ксерокөшірме), ИИН – 2 дана
  2. Екі фотосурет (3*4)
  3. Баланың және ата-анасының тұрғылықты мекен-жайынан анықтама (ХҚКО);
  4. Ата-анасының жұмыс орнынан анықтамалар
  5. Екі көк түсті файлды папка

(түскен жағдайда)

  1. №26 форма (мектепке арналған) – барлық мамандардан өтуі қажет
  2. №63 форма (алдын ала егу)
  3. Бала денсаулығы паспорты

Мекен-жайы: Алматы, Әуезов көшесі, 66\5 Телефон: 375-55-42; 375-55-39